Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы өңірлерде Ораза айт күні оқылатын намаздың кестесін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетсек, 2 мамыр – Ораза айт мейрамы. Ертең, 1 мамыр – қасиетті Рамазан айының соңғы күні. Мұсылман әлемі отыз күн оразадан кейін Шәууал айының алғашқы үш күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды. Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік мол дастарқан жайылады. Туған-туысқандар, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді.

Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында Айт намазы таңғы сағат 7-де оқылады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button