Шымкентте жоғары шенді полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте жоғары шенді полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте жоғары шенді полицей пара алды деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
Шымкент қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің төртінші ротасының командирі қызмет бабында жалпы қамқорлық танытқаны үшін қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылдың 27 сәуірінде Арнайы жедел іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қалалық ПД ӨҚБ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті рет пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.