«Бізде диктатура болмаса, кедейлікте жүрер едік» - Лукашенко

Беларусьте көрші елдерге қарағанда тәртіп бар. Ел президенті Александр Лукашенко Чечерск ауданы тұрғындарымен кездесуде осылай деп мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Беларусь басшысы мереке күндері тұрғындардың Беларуське кіруіне кедергі келтірген көрші Еуроодақ елдері әрекетіне қатысты пікір білдірді.

«Оларға католиктік Пасха алдында және Радуницадан бірнеше күннен кейін шекараны аштық. Адамдар бұрынғыдай Польша, Литва, Латвиядан туысқандарының қабіріне баруға келсін. Визасыз рұқсат еттік. Ал олар өз халқын Беларуське жібермейді. Неге? Өйткені, адамдар келіп, тұз сатып алады. Оларда тұз жоқ! Ұлы, бай Батыс, бірақ тұз жоқ! Жұрт Беларусь қалыпты жағдайда өмір сүріп жатқанын айтпас үшін шығармайды. Міне, демократия!» – деді ол.

Тұрғындармен кездесуде Александр Лукашенко Беларусьтегі диктатураның артықшылықтарын бағалады.

«Бізде диктатура болғанына Құдайға шүкір. Бәріңіз мені сынадыңыздар: диктатура, диктатура. Бірақ осы диктатура кезінде тәртіп бар. Диктатура болмаса, кедейлікте жүрер едік», – деді ел президенті.

Былтыр тамызда Александр Лукашенко диктатураға қатысты айыптауларға жауап ретінде ешқашан ешкімге ештеңе бұйырмағанын және олай етпейтінін айтып, республикада мұндай басқару стиліне ресурс жоқ екенін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button