Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында екерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен және облыс орталығынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында күндіз найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Орталықта, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде найзағай ойнайды. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Маңғыстау облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, найзағай ойнайды.