Қостанай облысында полицей көлігімен бірге суға батып кетті

Қостанай облысында жол апаты салдарынан полицей суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

28 сәуірде Қостанай облысы ІІД Әулиекөл полиция басқармасының учаскелік инспекторы бекітілген аумақта рейдтік жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізіп, байланысқа шықпаған.

Содан кейін іздеу шаралары ұйымдастырылған. Тоғандағы аумақты тексеріс кезінде көлік табылды. Көлік кабинасынан көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ учаскелік полицейдің мәйіті табылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеру басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button