Ыстамбұлдағы бояу зауытында жарылыс болды

Ыстамбұлдағы бояу зауытында жарылыс болды

Ыстамбұлдағы бояу зауытында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Ыстамбұлдағы лак-бояу зауытында жарылыстан кейін жаппай өрт шықты. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүріп жатыр, зардап шеккендер бар деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де Тузла Орханлы индустриалды аймағындағы химиялық зауытта жарылыс болған. Осыдан кейін қатты өрт шығып, тілсіз жау басқа өндіріс орындарына өтіп, сол арқылы кәсіпорынның айналасына айтарлықтай залал келтірген. Көрші алты ғимараттағы тізбекті өртті өрт сөндірушілер бір сағаттан кейін ауыздықтады. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, тоғыз жұмысшы жарақат алды. Құтқарушылар мен медициналық бригадалар адамдарға қажетті көмек көрсетуде. Полицейлер зауыт аумағын қоршауға алды, криминологтар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі кезде кәсіпорын аумағынан оқтын-оқтын жарылыс дыбыстары естіледі, қаланың бірнеше ауданынан қара түтін көрінеді. Адамдарды іздеу және өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.