Елордада Айманов көшесі уақытша жабылады

Елордада Айманов көшесі уақытша жабылады

Елордада Айманов көшесі уақытша жабылады
ашық дереккөзі
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ш.Айманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 1-8 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ш.Айманов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Ы.Дүкенұлы көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген басқарманың хабарламасында.