«Отандастар қоры» ұжымына жаңа басшы тағайындалды

«Отандастар қоры» ұжымына жаңа басшы тағайындалды

«Отандастар қоры» ұжымына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Отандастар қоры» КЕ АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Қор директорлар кеңесінің шешімімен Абзал Сапарбекұлы осы ұйымның президенті болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ведомствоға сілтеме жасап. Абзал Сапарбекұлы бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы Елшісі болған. 2000 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің құрылымында жұмыс істейді, сондай-ақ түркітілдес елдердің ынтымақтастығы жөніндегі ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Министр Мұхтар Тілеуберді шет мемлекеттердегі және елге келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
«Біз қандастарымызға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету, шетелдегі қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз қажет», - деді СІМ басшысы.