Ақ көйлек киюге тыйым салынды: Түркіменстан әйелдердің жеке өмірін бақылауды күшейтті

Ақ көйлек киюге тыйым салынды: Түркіменстан әйелдердің жеке өмірін бақылауды күшейтті

Ақ көйлек киюге тыйым салынды: Түркіменстан әйелдердің жеке өмірін бақылауды күшейтті
ашық дереккөзі
Түркіменстанда әйелдер мен қыздардың жеке өміріне бақылау күшейтіліп, олардың сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысына қойылатын талаптар тізімі күн сайын кеңейіп жатыр деп жазды turkystan.kz Радио Азатлық порталына сілтеме жасап. Ашхабад пен Балқан велаятында ақ той көйлегін жалға беруге және алуға тыйым салынды. Бұған қоса, Балқанда әйелдерге көліктің алдыңғы жолаушы орындығына отыруға болмайды. Мэри велаятында билік тыйымдарды бұзған әйелдерге айыппұл сала бастады.
«Балқан велаятындағы тілшіміз түркімен әйелдерінің күнделікті өміріне қатысты тағы екі тыйымды хабарлайды. Біріншіден, әйелдерге көліктердің алдыңғы жолаушы орнына отыруға тыйым салынды. Сондай-ақ, оларға кешкі сағат 8-ден кейін көлікте отыруға  мүлдем болмайды», – деп жазды Азатлық тілшісі.
Сонымен қатар, әйелді алдыңғы орындыққа отырғызған жүргізушілер полиция қызметкерлерімен қамауға алынып, оларға 7 мың манат айыппұл салынады. Бұған қоса, еріндерін түзету, кірпік жасату және басқа да косметикалық процедураларға байланысты ондаған стюардесса мен пойыз жолсерігі жұмыссыз қалғаны хабюарланды.
«Түркіменстан әуе компаниялары ерінге ботокс салғаны үшін 20 шақты стюардессаны жұмыстан шығарды. Темір жолдағы кондукторлар да жұмыстан қуылды. Ерінге ботокс салған 50-ге жуық стюардесса жұмыстан шығарылды. Тағы бірнешеуін кеуделерінде үлкейтуге арналған силиконы бар болғаны үшін қызметтен босатты», – деді Ашхабадтағы Азатлық тілшісі. Оның айтуынша, көбісі басқа жұмысқа тұру құқығынсыз жұмыстан шығарылған.
Тілшілер ботокстың болуы елдің басқа аймақтарында, атап айтқанда, елдің батысындағы Түркіменбашы әуежайында жұмыстан қысқаруға себеп болғанын, осы себепті кем дегенде 6 қызметкер жұмыссыз қалғанын хабарлайды. Сондай-ақ, Түркменабат – Ашхабад бағытындағы ішкі рейстерде жұмыс істеген 2 стюардесса осы себептермен жұмыстан босатылған. Тағы оқи отырыңыз: Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы келбетін бақылайды