Жаңалықтар

Ақ көйлек киюге тыйым салынды: Түркіменстан әйелдердің жеке өмірін бақылауды күшейтті

Ақ көйлек киюге тыйым салынды: Түркіменстан әйелдердің жеке өмірін бақылауды күшейтті

Түркіменстанда әйелдер мен қыздардың жеке өміріне бақылау күшейтіліп, олардың сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысына қойылатын талаптар тізімі күн сайын кеңейіп жатыр деп жазды turkystan.kz Радио Азатлық порталына сілтеме жасап.

Ашхабад пен Балқан велаятында ақ той көйлегін жалға беруге және алуға тыйым салынды. Бұған қоса, Балқанда әйелдерге көліктің алдыңғы жолаушы орындығына отыруға болмайды. Мэри велаятында билік тыйымдарды бұзған әйелдерге айыппұл сала бастады.

Сонымен қатар, әйелді алдыңғы орындыққа отырғызған жүргізушілер полиция қызметкерлерімен қамауға алынып, оларға 7 мың манат айыппұл салынады. Бұған қоса, еріндерін түзету, кірпік жасату және басқа да косметикалық процедураларға байланысты ондаған стюардесса мен пойыз жолсерігі жұмыссыз қалғаны хабюарланды.

Тілшілер ботокстың болуы елдің басқа аймақтарында, атап айтқанда, елдің батысындағы Түркіменбашы әуежайында жұмыстан қысқаруға себеп болғанын, осы себепті кем дегенде 6 қызметкер жұмыссыз қалғанын хабарлайды. Сондай-ақ, Түркменабат – Ашхабад бағытындағы ішкі рейстерде жұмыс істеген 2 стюардесса осы себептермен жұмыстан босатылған. Тағы оқи отырыңыз: Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы келбетін бақылайды