Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі 2 айға ұзартылды

29 сәуір, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі 2 айға ұзартылды Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді. Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.