«Алматы әуежайы 3 жылдан бері кемшіліктерді жоймаған» – министрлік

«Алматы әуежайы 3 жылдан бері кемшіліктерді жоймаған» – министрлік

«Алматы әуежайы 3 жылдан бері кемшіліктерді жоймаған» – министрлік
ашық дереккөзі
Алматы әуежайы 3 жылдан бері кемшіліктерді жоймаған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің директоры Болат Наурызәлиев айтты деп хабарлады turkystan.kz. Оның сөзінше, департамент авиация бойынша әуежайларға тексеру жүргізеді. Алайда Алматы әуежайы 3 жыл бойы кемшіліктерді жоюға тіпті тырыспаған.
«Алматы әуежайына қандай ескертуіміз бар дегенге келсек, біздің тұжырымдар мен ұсынымдар бойынша авиация әкімшілігі көрсетілген кемшіліктерді жою үшін әуежайға шара қабылдауы керек. Біз берген ұсынымдарда бүкіл кемшіліктер мен ескертулер көрсетілген. Біз тек тергеумен айналысамыз, авиациялық оқиғалардың себептерін анықтаймыз. Апатты жағдайлар қайталанбас үшін ұсыныс жасаймыз. Авиация ұйымы әуежайға қатысты бірнеше тексеру жүргізді. Әуежай үш жылдан бері жоймай келе жатқан кемшіліктер бар. Тіпті, жоюға тырыспайды да. Ішкі істер министрлігі, көлік прокуратурасы, авиация әкімшілігі шара қолданады»,  – деп қосты Болат Наурызәлиев.
Тағы оқи отырыңыз: Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды