Лукашенко «Одақтас мемлекет» жобасын кеңейтуді ұсынды (ВИДЕО)

Лукашенко «Одақтас мемлекет» жобасын кеңейтуді ұсынды (ВИДЕО)

Лукашенко «Одақтас мемлекет» жобасын кеңейтуді ұсынды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Александр Лукашенко Ресей мен Беларусь арасындағы «Одақтас мемлекет» жобасын кеңейтудің ұсынды деп хабарлады turkystan.kz pravda.com порталына сілтеме жасап.  Бұл туралы ол Ресейдің Воронеж облысының губернаторы Александр Гусевпен кездесуде айтты.
«Біз сіздердің арқаларыңызда ынтымақтастығымызды нығайтып,  жаңа принциптерге негізделген Одақтас мемлекет құруға тырысып жатырмыз. Ресей мен Беларусь одақтың құрамында тәуелсіз мемлекеттер ретінде дами береді. Мен біздің одаққа бұрынғы посткеңестік елдер де қосылады деп ойлаймын», – деді Лукашенко.
Ресей мен Беларусьтің «Одақтас мемлекет» жобасы 1997 жылы қабылданған болатын. 2021 жылы Путин мен Лукашенко жобаны дамытуға қатысты келісімдерге қол қойған. Тағы оқи отырыңыз: «Қазақтарға көмектестік»: Лукашенко Путинге ЕАЭО елдерін біріктіруді ұсынды (ВИДЕО)