«Қазақмыс» кеншілерінің өміріне қауіп төніп тұр

«Қазақмыс» кеншілерінің өміріне қауіп төніп тұр

«Қазақмыс» кеншілерінің өміріне қауіп төніп тұр
ашық дереккөзі
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кеншілері кез келген уақытта тау массасының астында қалуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. Қазақстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ірі кәсіпорындарда жұмыс істеуде көптеген заңбұзушылықтар анықталып отыр.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС шахталарындағы жұмыс шатырды реттейтін бекіткіштерсіз болып жатқаны анықталды. Осының кесірінен кеншілер кез келген сәтте тау массасының астында қалуы мүмкін. Жалпы, жазатайым оқиғалардың 60% осындай заңбұзушылықтың кесірінен болады», - деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов.
Бұған дейін азаматтардың еңбек құқықтарын «Қазцинк», «Қазхром», «Қазфосфат», «Аралтұз», «Қазақмыс» пен «Өзенмұнайгаз» кәсіпорындарының бұзғаны анықталған. Тағы оқи отырыңыз: "Қазақмыс" ғимаратында тұтанған өрттің себебі аталды