Ұлттық банк жаңа монеталарды сатылымға шығармақ

Ұлттық банк жаңа монеталарды сатылымға шығармақ

Ұлттық банк жаңа монеталарды сатылымға шығармақ
ашық дереккөзі
Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылғы 3 мамырдан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталарының сатылымға шығармақ деп хабарлады turkystan.kz. Монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады. «SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» монеталарының сипаттамасы: монета 30 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан тарихында тарихи шешім қабылданды – 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды. «SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» монеталарының реверсінде екі бөліктен тұратын ядролық жарылыс түрінде  бейнелер көрініс тапқан. Сол жақ бөлігі ядролық сынақтардың тарихын, үзілген өмір мен шырғалаң тағдырды бейнелейтін жарықшақтар түрінде берілген. Оң жағынан – зардап шеккен табиғатты білдіретін қураған ағаштың   бейнесін көруге болады. Қурап қалған ағаш бұтағындағы жасыл жапырақтың бейнесі – жандану мен қылаң берген үміттің белгісі. Монеталар 925/1000 сынамада күмістен эмаль жағу технологиясымен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, proof дайындау сапасы бар, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 5000 дана және нейзильбер қоспасынан массасы 11,17 грамм, uncirculated сапасымен, номиналы 100 теңгелік, таралымы – 100 000 дана.