Қазан айында елімізде ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығуы өтеді

Қазан айында елімізде ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығуы өтеді

Қазан айында елімізде ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығуы өтеді
ашық дереккөзі
Қазақстан қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдермен бірлесіп жаттығу өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығуы өтеді. Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қырғызстанда  бітімгершілік бөлімшелерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.