«Өзге этностардың Қазақстан дамуындағы үлесін мемлекеттік тілде насихаттау керек» - Тоқаев

«Өзге этностардың Қазақстан дамуындағы үлесін мемлекеттік тілде насихаттау керек» - Тоқаев

«Өзге этностардың Қазақстан дамуындағы үлесін мемлекеттік тілде насихаттау керек» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттайтын ақпарат құралдарын барынша қолдауды тапсырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.
Сондай-ақ, Президент ассамбеляның қоғам дамуындағы оң үдерістердің бастауында жүргенін атады.
«Ассамблея мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысттіл серіктестік орнатудың жақсы үрдісін қалыптастырды. Этномәдени бірлестіктер осының айқын көрінісі», - деді Тоқаев.