Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды

Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды

Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды
ашық дереккөзі
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІ сессиясында Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды деп жазды turkystan.kz.
«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл - қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.