«Мисс Қазақстан» байқауынан шеттетілген Әйгерім Әбілқадырова халықаралық конкурсты жеңіп алды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Мисс Қазақстан» байқауынан шеттетілген Әйгерім Әбілқадырова халықаралық конкурсты жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Telegram-дағы ZTB | QAZAQSTAN арнасының хабарлауынша, ол Италияның Неаполь қаласында өткен MISS EUROPE CONTINENTAL -  2022 халықаралық сұлулық конкурстың бас жүлдесін иеленді. Әйгерім Әбілқадырова  - елімізде тұңғыш рет  грэпплингтен әлем чемпионы атанған спортшы. Дзюдодан Азия чемпионы, Қазақстанның 11 дүркін жеңімпазы. Бұған дейін ол «Мисс Қазақстан» байқауынан «PlayBoy» журналына сұхбат беріп, суретке түскені үшін шеттетілген болатын.

Бұл туралы ол: «Мен «PlayBoy» журналына сұхбат беріп, суретке түскенім үшін байқаудан шығарып жіберген. Алайда, ол жерде ешқандай азғындық пен жаман дүниелер болған жоқ. «PlayBoy» деген атаудың өзі байқау қатысушысына сәйкес келмейді екен. Ал егер менің жалаңаш суреттерім басқа журналда жарияланса, мұны қалыпты дүние ретінде қабылдайтын еді», - деген еді.