БҰҰ Бас хатшысы Зеленскиймен кездесті

БҰҰ Бас хатшысы Зеленскиймен кездесті

БҰҰ Бас хатшысы Зеленскиймен кездесті
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Киевке барып, Украина президентімен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде Бас хатшы Украина қазір жан төзгісіз оқиғалар мен қайғы-қасіреттің нақ ортасында тұрғанын айтты. Сонымен қатар, БҰҰ бейбітшілік орнату үшін барын салатынын жеткізді. Айта кетейік, қазір Украинада БҰҰ-ның 1400 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Олар 9 жедел әрекет ету орталықтарында және 30 бекетте орналасқан. Халықаралық қауымдастық осы сәтке дейін Украина ішінде 3 млн 400 мың тұрғынға гуманитарлық көмек берді. Ал  Владимир Зеленский кездесуде Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарында Ресей түрткі болған референдумдарды ешқашан заңды деп мойындамайтынын ескертті.
«Мұндай жалған референдумдар көбеюі мүмкін. Өкінішке қарай, соғыс басталған кездегі жағдайға, Қырым мәселесіне қарасақ, іс жүзінде не болып жатқанын көріп, көңіл құлазиды. Бірақ, Украина да, бүкіл өркениетті әлем де мұндай референдумдарды мойындамайды», – деді Зеленский.