Бүгін елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
ашық дереккөзі
Бүгін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді деп хабарлады turkystan.kz елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабына сілтеме жасап. 29 сәуір сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «ҚТЖ» АҚ техникалық жолаушылар паркі аумағында (Шу көшесінің аяғы, әл-Фараби даңғылы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысында) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізбекші. Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша міндеттерін орындауға дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде барлық күрделі элементтер қолданылады. Ведомствоның мәліметінше, техникалық жолаушылар паркі аймағында шектеу шаралары қарастырылған.
«Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға және жауапты мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талабын орындауға шақырамыз», - делінген хабарламада.