Жаңалықтар

«Қазақстанда ешқандай биологиялық қару-жарақ жасалмайды» – сенатор

ашық дереккөзі

«Қазақстанда ешқандай биологиялық қару-жарақ жасалмайды» – сенатор

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Қазақстандағы зертханалар немен айналысатынын айтты. Оның сөзінше, еліміздегі «зертханаларда биологиялық қару жасалады» деуге еш негіз жоқ деп хабарлады turkystan.kz. Еліміздегі биологиялық зертханалар екінші және үшінші топтағы аса қауіпті патоген микроорганизмдерге қарсы диагностикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеумен айналысады. Яғни өлім-жітім деңгейі жоғары бірінші топтағы аса қауіпті вирустармен жұмыс істемейді. Бұл зертханаларды тек өз еліміз ғана қаржыландырады. Ешқандай да шетелдік грант берілмейді. Тіпті өзге елдің ғалымдары да жоқ. Сенатордың айтуынша, Қазақстан - бактериологиялық, биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияға жауапты қатысушы мемлекет. «Қазақстанда биологиялық зертханаларда ешқандай биологиялық қару-жарақ жасалмайды. Сондықтан шетелдік саясаткерлердің бұл тұрғыда күмәндары, мәлімдемелері негізсіз. Шындыққа сәйкес келмейді», – деді Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев. Айта кетейік, бүгін Сенатта «Биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы қабылданды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәлімдеуінше, аталған құжатта негізгі биологиялық қауіптер ескерілген. Мұнда, ең алдымен, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарына мән берілген. Тағы оқи отырыңыз: Германия Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізетін болды