Жаңалықтар

«Ассамблея керек емес дейсіздер ме? Ол керек!» - Майя Бекбаева (ВИДЕО)

«Ассамблея керек емес дейсіздер ме? Ол керек!» - Майя Бекбаева (ВИДЕО)

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бұрынғы орынбасары, журналист Майя Бекбаева бір жылдан астам уақыт істеген жұмысына қорытынды жасап, өзіне есеп берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында Ассамблеяда Төрағаның орынбасары деген қызмет орнының жыл сайын өзгеріп отыратынын, осы уақыт ішінде Қазақстанның барлық жерін аралап, халықтың жағдайымен танысып шыққанын, қай жерде болса да еңбекқор адамдармен кездесіп, солардың өмірге, айналамызда болып жатқан өзгерістерге немқұрайлы қарамайтынына көз жеткізгенін атап өтті. Одан кейін М.Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты айтылып жатқан неше түрлі пікірлерге жауап беріп,  ойын ашық  айтты.

Оның Instagram-дағы жазбасына кейбір адамдар келіссе, кейбірі келіспей, нақты фактіге сүйеніп, пікірлер қалдырып жатыр. Оларға Майя Бекбаева жауап бермеген. Мысалы, «Неге Ассамблея Зюганов, Никонов, Федоров, енді міне, Кеосаянның аузына келгендерін айтқандарына жауап бермейді?», - деген сұрағына журналист жауап жазбаған.

 Тағы оқи отырыңыз: ҚХА Төрағасының орынбасарлары ауысты