«Күніне 2-2,5 млн бөтелке»: Тұрсын Алагөзов танымал сусынды қалай шығарғанын айтты (ВИДЕО)

«Күніне 2-2,5 млн бөтелке»: Тұрсын Алагөзов танымал сусынды қалай шығарғанын айтты (ВИДЕО)

«Күніне 2-2,5 млн бөтелке»: Тұрсын Алагөзов танымал сусынды қалай шығарғанын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

2004 жылы Maxi шайдың алғашқы бөтелкесін шығарған компанияға келесі жылы 25 жыл болады. Компания иесі белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов  Динара Сәтжанға сұхбат беріп, танымал сусынның қалай пайда болғанын айтып берді деп жазды turkystan.kz. Кәсіпкердің айтуынша, салқын шай шығару идеясы Қытайда пайда болған.

«Менің екінші мамандығым қытай тілімен байланысты. Қытайға жиі баратынмын. Маған Қытайда ақжұпар мен бал қосылған көк шай (Ice tea) ұнайтын. Барлық қытай халқы ішетін. Қолжетімді, сол кезде шамамен бір бөтелкесі 40 тг тұратын. Жазда салқын су ішкен өзіме ұнайтын. Қазақстанда неге ешкім Ice tea-дің өндірісімен айналыспайды деп ойлайтын едім. Қара шай Lipton-да болды, көк шай жоқ. Біз сол толқынның лебімен нарыққа кірейік деп шештік», – деп еске алды Алагөзов.

Кәсіпкер бұл іске қызыққанымен, алғашқыда білімі болмағанын жеткізді. Салқын шайды қалай өндіреді? Зауыттар қалай жұмыс істейді? Осы және өзге де сауалдардың жауабын табу мақсатында Алагөзов үш жыл бойы Қытай нарығы мен зауыттарын зерттеген.

«Қытайдағы серіктес достарымнан осы құрылғыларды өндіретін кәсіпорын, зауыттарды тауып беруін сұрадым. Ол 2001 жылы еді. Олар мені ақырындап таныстыра бастады. Өйткені мен Ice tea-дің қалай шығатынын түсінбейтін едім. Маркетинг, тауарды дамыту, қаттау, логистика және т.б. жұмыстарды қалай жүзеге асыратынымды білмедім. 3 жыл зерттедім. Қытайға жиі-жиі барып, сусындардың түрлерін қарай бастадым. Сауда орнына барып, түрлі сусындарды алып, дәмін көрдім. Біздің тұтынушыға ұнайтын дәмді іздедім. Сол кезде лимон қосылған көк «Maxi шай» жасаймыз деп шештік. 2004 жылдың маусым айында алғашқы бөтелкесін шығардық», – дейді ол.

Айтуынша, жазда бір күнде 2-2,5 млн бөтелкесі сатылып кетеді. Ал қыс мезгілінде шамамен бір күнде 500-700 мың бөтелке сатылады. Осыдан 6 жыл бұрын Алагөзов өзі негізін қалаған компаниядан айырылып қалған. Бұған дейін Баян Мақсатқызы күйеуінің бизнесін күшпен тартып алғандардың есімін атаған еді. Бүгінде Алагөзов жұмыс орнына қайта оралды.

«Қайтып келгеніме қуаныштымын. Зауытқа келгенімде бойымда түрлі эмоциялар болды. Бұл белгілі бір себеппен туған балаңды 6 жыл көрмегенмен бірдей», –  дейді Алагөзов.