Жаңалықтар

Екібастұзда екі жұмысшы ауруханаға түсті

ашық дереккөзі

Екібастұзда екі жұмысшы ауруханаға түсті

22  сәуір күні ЖШС-нің бірінде 43 жастағы ер адам жүк вагонының төбесінен құлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Жарақат алған зардап шегуші Екібастұз ауруханасына жатқызылды. - Тағы бір жазатайым оқиға қаланың басқа кәсіпорнында болды. 27 сәуір күні сағат 11:30-да 37 жастағы ер адам аяқ жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шегуші қала кәсіпорындарының бірінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді, -  деп жазылған хабарламада. Экскаваторды жөндеу кезінде қосалқы бөлшектердің бірі зардап шегушінің аяғына құлаған.