Ақтөбеде заңсыз киік атқан браконьерлер ұсталды

Ақтөбеде заңсыз киік атқан браконьерлер ұсталды

Ақтөбеде заңсыз киік атқан браконьерлер ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде заңсыз киік атқан екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 22 сәуір күні Байғанин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Охотзоопром АФ инспекторларымен бірігіп, рейдтік іс-шаралар кезінде Байғанин ауданы аумағында браконьерлерді ұстады. Аймақты шарлау кезінде Урал мотоциклімен екі ер адамды байқады. Полиция қызметкерлерін көрген олар бірден оқиға орнынан бойтасалауға тырысқан. Көп ұзамай, екі ер адам ұсталды. Ұсталғандардың киіктің екі төлін атқаны анықталды. Күдіктілерден киіктің екі ұшасы, 12 калибрлі мылтық және 10 патрон тәркіленді. Күдіктілерге қатысты сотпен «күзетпен ұстау» бұлтарпау шарасы қолданылды. ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.