Алматыда жол апатынан 71 жастағы жүргізуші қайтыс болды (ВИДЕО).

Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында көлік апаты болып, 71 жастағы жүргізуші қайтыс болды деп жазды turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында болды. Nissan көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағыттағы қозғалыс кезінде өтіп бара жатқан көлікпен соқтығысып қалған. Салдарынан көлік аударылып, жүргізушісі қайтыс болды.

«Рөлдегі 1951 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button