«12 млн теңге далаға кетті»: Владимир Газзаев «Тұран» клубымен қош айтысты

«12 млн теңге далаға кетті»: Владимир Газзаев «Тұран» клубымен қош айтысты

«12 млн теңге далаға кетті»: Владимир Газзаев «Тұран» клубымен қош айтысты
ашық дереккөзі
Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубы команданың бас жаттықтырушысы болған Ресейдің азаматы Владимир Газзаевқа келісімшартты созбағаны үшін  12 млн теңге өтемақы төлеген деп хабарлады turkystan.kz sports.ru порталына сілтеме жасап. Журналист, инсайдер Айдын Қожахметтің айтуынша, ол  «отбасылық жағдайына» байланысты клубпен өзара келісіп, үш айлық жалақысын алып, Ресейге қайтып кетті. Қазір команданың бас жаттықтырушысының міндетін Қуаныш Қабдолов атқарады. В.Газзаев – белгілі бапкер Валерий Газзаевтың үлкен ұлы. Ол «Тұран» футбол клубын биылғы жылдың 14 қаңтарынан 6 сәуірге дейін жаттықтырған. Газзаев кеткенге дейін Түркістанның командасы 1 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында болған. Тағы оқи отырыңыз: «Тұран» ФК-ның спорт директоры тағайындалды