Қазақстан құрамасын Ресей азаматы басқарады

Қазақстан құрамасын Ресей азаматы басқарады

Қазақстан құрамасын Ресей азаматы басқарады
ашық дереккөзі
Қарағанды қаласының  «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Қазақстанның ұлттық  құрама командасының бас бапкері болатынын растады деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz порталына сілтеме жасап.
«Иә, Қазақстан құрамасының тізгінін ұстадым деп айтуға болады. Келісімшарт жасалды ма? Әзірше жоқ. Бірақ алдағы күндері федерация өкілдерімен кездесуде қол қоямыз деп келістік. Қарағандының «Шахтер» клубында  қаламын ба? Оны келісімшарт жасасқаннан кейін талқылаймыз. «Шахтердің» басшылығымен де, Қазақстан футбол федерациясымен де сөйлесеміз», - деді Адиев.
Магомед Адиев бұған дейін Ресейдің «Анжи», «Легион Динамо», «Волга», «Чайка», «Нижний Новгород», «Ахмат» командаларын жаттықтырған. Тағы оқи отырыңыз: Қазақта бапкер қалмағандай: Карпович ұлттық құраманы қолға алды