Талдықорғанда оқушы қыз мұғалімін балағаттаған

Талдықорғанда оқушы қыз мұғалімін балағаттаған

Талдықорғанда оқушы қыз мұғалімін балағаттаған
ашық дереккөзі
Талдықорғанда мұғалім мен оқушы жанжалдасқан. Әлеуметтік желіде екеуінің жанжалдасып тұрған сәті түсірілген видео тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға №6 орта мектепте болған. Видеодағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мен 8-сынып оқушысы екені белгілі болды. Желідегілердің назарын аударған видеодан оқушы қыздың мұғалімді балағаттағаны анық байқалып тұр.
«Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылған. Кеңес барысында тараптар татуласты, бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Айта кету керек жайт, ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған», – деді Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқи отырыңыз: «Білгенін істеп келіпті»: Шымкентте әйелі күйеуін педофил деп айыптады