Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

ашық дереккөзі

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов журналистермен өткізген брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін компаниялар қызметкерлерінің жалақысы 5-тен 40% - ға дейін көтеріледі»,-  деді Тоғжанов. Бірақ басшылық қызметтегі тұлғалардың жалақысы өспейтіндігін жеткізді. «Әрдайым жалақының күрт өсуі инфляцияның өсуіне әсер етеді. Бірақ, бұл - ештеңе жасамау керек дегенді білдірмейді. Жүйелі түрде кезең-кезеңімен жалақыны көтереміз. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні орташа жалақы туралы мәселе көп талқыланып жатыр. Өйткені барлық жерде орташа жалақы нақты объективті мәліметтерге сәйкес келмейді», - деді Премьер-министрдің орынбасары. Ол барлық бюджеттік ұйымдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар әрқашан өз бюджеттерінде қызметкерлердің жалақысын индекстеу керек екенін де айтты.