«Арнайы құжаты бар»: Ақтауға Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді

«Арнайы құжаты бар»: Ақтауға Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді

«Арнайы құжаты бар»: Ақтауға Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді
ашық дереккөзі
Ақтауда «Тасаттық» намазы оқылған кезде бір күнге Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы  Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов айтты. Оның айтуынша, бірнеше күн бұрын қала тұрғындары жаңбыр тілеу намазын оқыған. Оған 2 мыңнан астам халық жиналған. «Тасаттық» намазына байланысты өңірге Мұхаммед пайғамбардың құтыға салынған шашы жеткізілген.
«Қазір пайғамбардың шашы Шымкент қаласы тұрғынының қолында. Кезінде оған өзбекстандық ғалымдар сыйлапты. Мұхаммед пайғамбардың кезінде де халық қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен екен. Біз де солай жасадық. Сол үшін өңірге Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді. Оның арнайы құжаты бар. Қазір иесінде. Ол - берекелі нәрсе. Берекелі болсын, игілігі болсын деп алып келген. Жауын үшін ғана емес, өңірге берекесін әкелсін деген мақсат болған», - деді Елжанов.
Оның айтуынша, Мұхаммед пайғамбардың шашы арнайы құтыға салынған. Оны «Тасаттық» намазы оқылған соң иесі қайта алып кеткен. 25 сәуір күні халық Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін жаңбыр жаусын деп «Тасаттық» рәсімін өткізген.  width= Тағы оқи отырыңыз: 2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)