Қазақстанда шілдеден бастап дәрілік заттар таңбаланады
Қазақстанда шілдеден бастап дәрілік заттар таңбаланады
Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі Қаулысымен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі толықтырылды деп хабарлады turkystan.kz.
2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәл сол күннен бастап шығарылатын дәрілерге таңбалау енгізіледі.
Тізімде иммундық сарысулар және қанның басқа фракцияларына керек дәрілер, дәрілік пішіндерге немесе бөлшек саудаға арналған пішіндерге немесе қаптамаларға салынған иммунологиялық препараттар, емдік, профилактика немесе диагностика үшін дайындалған жануарлардың қаны және тағы да басқа дәрілер бар.
Сондай-ақ биыл 2022 жылғы 1 сәуірден бастап барлық темекі бұйымдары, 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқкиімдер таңбаланады.
Қаулы 2022 жылдың 8 мамырында күшіне енеді.