«Дүние-жалған» рухани кеші

«Дүние-жалған» рухани кеші

«Дүние-жалған» рухани кеші
ашық дереккөзі
Биыл өзіндік стилі бар «Жас­тар театрының» құрыл­ғанына – 15 жыл. Осыған орай театр ұжымы «Дүние-жал­ған» атты рухани кеш өткізіп, қос туындының тұсауын кесті. Кеш барысында қырғыз жазу­шы­сы Сұлтан Раевтың «Жұмаққа қа­рай ұзақ жол» әфсанасы сах­на­лан­ды. Онда қараңғыға қамалып, се­німі жоғалып, айдалада адасып жүр­ген адамдардың тұрмыс-тір­ші­лігі баяндалады. Көне мен жаңаны бір арнаға тоғыстыра білген қою­шы-режиссер Нұрқанат Жақыпбай қойылым соңында «Қасиетті айда осындай бір шығарманы көрермен көрсе екен дедім. Мүмкін, мазалап жүрген ойларына жауап табар деген ойдамыз. Негізі, бұл біздің халықтың басынан өткен оқиға ғана емес, мен осы шығарма арқылы әлемдік дең­гей­де, жалпы адамзатқа жолымды сал­дым деп есептеймін» деді. Ізінше Нұрқанат Жақыпбай бастаған топ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалиннің «Қарақазан ға­сыр» драмалық дастанын ықшам­дал­ған нұсқасын көрермен назары­на ұсынды. «Қылкөпір» деген атпен шық­қан бұл қойылым өткен ға­сыр­дың 30-50 жылдарында қазақ елін­дегі тарихи кезең шындығын сурет­тейді. Көрерменге ой салатын бұл спек­такльде адамзатқа тән адамгер­ші­лік, имандылық секілді қасиет­тер­ді ұлықтау, сондай-ақ жарық дү­ниеге келген сәттен бастап басқа өмірдің бар екенін ұмытпай, тәубеге келуі керек екені баяндалады. «Бұл – өлең­мен жазылған дүние. Мұнда бәрі бар, тозақ оты бар, жұмақтың төрі де бар. Онда адамдардың өмір үшін күресі баяндалады. Біз – Құдайға қай­та оралып жатқан кезеңдердің адам­дармыз. Жұмақ деген сөз жаны­мыз­ға майдай жағады. Осының бәрі осы туындыда сипатталады», – деді Нұр­лан Оразалин. Театр ұжымын атаулы мерей­той­мен құттықтап келген 300 адам ауы­зашар дастарқанынан дәм тат­ты. Кеш соңында зиялы қауым өкіл­дері, ел ағалары тұсауы кесілген қос туындыға жоғары баға беріп, ыстық ықы­лас, ақжарма тілектерін жет­кізді.

Ә.ІЗТІЛЕУ