«Қазақ солдаты зеңбірекке жем болмасын!» - Марат Тоқашбаев

«Қазақ солдаты зеңбірекке жем болмасын!» - Марат Тоқашбаев

«Қазақ солдаты зеңбірекке жем болмасын!» - Марат Тоқашбаев
ашық дереккөзі
Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев) Қазақстан басшылығынан Украина Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестовичтің ТikTok әлеуметтік желісінде өзінің инсайдерлік дереккөздеріне сүйене отырып «Ақтаудан қазақ әскерлері Ресей жағында соғысу үшін Украинаға жіберіліп жатыр екен» деген хабарына түсініктеме беруін сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Ол мұның «анықталмаған» дерек болғанымен, іш жиғызып қалғанын айтты.
«Кешегі Қаңтар көтерілісі кезінде ОДКБ әскері қатарында Ресей Қарулы Күштері де Қазақстанға келгені белгілі. Ресей әскері кірген жерінен бірде-бір оқ шығармай қайтып кетті дегенге өз басым сене алмаймын. Қазір Ресей Украинаға қарсы басқыншылық «операция» жүргізіп жатқан тұста «зеңбіректің жеміне» өте мұқтаж. Сондықтан қаңтардағы «көмегін» алға тартып, құпия түрде әскери көмек сұрауы әбден ықтимал. Бірақ мұндай «көмек» Қазақстанға абырой әпермейді. Қазақстан басшылығы Арестович ақпаратына байланысты түсініктеме бергені дұрыс болады деп ойлаймын. Қазақ солдаты қазақ жерінен тысқары «операцияларға» жіберілмесін!» - деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: Путин Украинадағы қақтығысқа араласқандарға шұғыл түрде соққы жасалатынын мәлімдеді