Еліне еңбегі сіңген Еркін Шажаұлы

Еліне еңбегі сіңген Еркін Шажаұлы

Еліне еңбегі сіңген Еркін Шажаұлы
ашық дереккөзі
Ықылым замандардан бермен қарай қоғамның дамуына өз үлесін қосқан терең ойлы еңбегі адал, елдіктің туын тік ұстаған азаматтар қай кезеңде де қазақта аз болған жоқ. Кең байтақ қазақ елінің қай өлкесін алсаң да елім деп еңіреп өткен арда ұлдары баршылық еді. Ал енді Ақтөбе өңірін ауызға алар болсақ, ақын-жазушыларға, танымал тұлғаларға кенде болмағанына көз жеткіземіз. «Қырымның қырық батырын» жырлаған Қа­зақбай, ірі эпик ақын Айса Байтабынов, «Еді­ге», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» жыр­ла­рын кең насихаттаған Әкімгерей Қостанов, зама­нын­да Есет Көтібарұлының сенімді серігі болған, тар за­манда Бесқалаға ауған Ақпан Әйітбекұлы, онан бері жылжысақ Абыл Тілеуұлы, Алаша Бай­тоқ, алмас тілді Шернияз Жарылғасұлы, Нұрым Шыршығұлы, Жамбылдың сенімді серігі атанған Нұрпейіс Байғаниндай ақындар ауызға ілінеді. Әлем жұртының жүрегінде қалған Кеңес Одағының Батыры, аяулы да қа­дірлі Әлия Молдағұлованы қалай айт­пасқа. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Өтебай Қанахин ақын Ізтай Мәмбетов, Сағи Жиенбаев, осылай тіз­бектеліп кете барады. Менің бүгінгі әңгімеме ар­қау болғалы отырған үлкен ғалым, асылзада аза­мат та осы Ақтөбе өңірінің перзенті. Бүгінде Пре­зидент жанындағы мемлекеттік басқару Ака­демиясының бірінші вице-ректоры, заң ғы­лымдарының докторы, профессор Еркін Дүсіпов. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Адам­ға ең бірінші білім емес, тәрбие ке­рек. Тәрбиесіз берілген білім – адам­зат­тың қас жауы, ол ке­ле­шекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Ойшылдың бұл сөзінің растығын өмірдің өзі талай мәрте дәлелдегені бел­гілі. Адам баласының жаман құлқы жараты­лы­сынан емес, өскен ор­та­сында көрген үлгі-өне­гесінен де болатыны мәлім. Міне, осының бәрін са­лыстыра келе біздің ата-бабаларымыз тәрбие­нің орны бөлек екенін о бастан-ақ сыналап айтып отырған. Өйткені ұрпақ­қа үлгілі тәрбие беру қоғамның өзін, елдің тіре­гін қалыптас­тыру­дың бастауы. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қа­зына. Жүсіп Баласағұнша айт­сақ, «Алтын, кү­міс жинаған бай емес, білім жи­нап, сөз білген адам бай». Мен Еркін Шажаұлымен әл-Фараби атын­дағы қазақ ұлттық универ­си­те­тін­де қызметте жүрген кезінде та­ныс­қан едім. Университет ректоры ҚР Ұлттық Ғы­лым академиясының академигі, техника ғы­лым­дарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың ие­гері, аты әлемге әйгілі ғалым, профессор Өмір­бек Жолдасбеков болатын. 1985 жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-дың «Құ­қықтану» мамандығына оқуға түскен жас өрен­нің екпіні таудан тас домалатқандай еді. Ер­кін Шажаұлы қырық қыртысы күрделі оқу ор­дасында жүріп, болашақ оқытушының, ғалым-заң­гердің бойында қандай ұлы қасиеттері болуы тиіс екенін зерделеуге тырысты. Зеректігімен қа­тар ізденімпаздығы қатарластарынан оқ бойы озық тұрған білімгерді университеттің тәлімгер ұстаздары сол оқу орнының азаматтық құқық кафедрасына жас маман етіп қалдыруды шешеді. «Ішкі жан дүниеңіз дұрыс болмаса, жарқыраған жү­зіңіз ештеңе де шешпейді» деп Ник Вуйчич айт­пақшы болашақ ғалымның бойындағы ізгі қа­сиеттері мен асқан жауапкершілігі, ұқып­ты­лығы мен білімге құштарлығы оның дәрежесін арттыра түсті. Қолынан іс келетін ол бірер жыл­да заң факультеті деканының орынбасары лауа­зымына көтеріледі. Жас маман өзі көріп отырған заң са­ласының қыр-сырын тереңдете зерттеуді мақсат тұтады. ҚазҰУ-да­ғы белгілі тәлімгер, құқық саласының май­тал­маны, танымал заңгер з.ғ.д., профессор Юрий Басин­нің сүйікті шәкіртіне айналады. Әркез ұстазы­нан қолдау тауып, ғылымдағы негізгі бағытын қа­лыптастырады. «Мәрттік жасап, халыққа барың­ды бер, өзің қанағат ет» деген қағиданы ұстана отырып, нарықтық эконо­микаға өтіп, елімізде жекешелендіру науқаны басталған кезде 2002 жылы «Жерге жеке меншік құқығының не­гіздері» тақырыбында канди­даттық дис­сер­тация жазып, оны дәлел-дәйегімен нақтылап қор­ғап шығады. Білімі толықсып, мол тәжірибе жи­нақтаған жас ғалым министрліктің жолда­ма­сымен 2002 жылы көне Таразға жол тартады. М.Дулати атындағы ТарМУ-дың заң факульте­тінде кафедра меңгерушісі қызметіне тағайын­да­лады. Араға жылдар сала өз ісінен жоғарғы көр­сеткіштерге жеткен кәнігі маман заң факуль­тетінің деканы болады. Түйінді мәселенің шешу жолындағы жаңашылдығымен ерекшеленетін халық игілігіне жарамды жүзден аса ғылыми мақала жазып, жариялады. Барлық жақсы қасиеттің діңгегі әдеп­ті­лік, білімділік десек, егемен еліміздің бі­лімі мен ғылымын дамытуға барынша өз үлесін қосуды алдына мақсат етіп қойды. Не­гіз­гі ғылыми зерттеулері заң ғылымдарының аза­маттық, кәсіпкерлік, аграрлық және жер са­ла­ларына байланысты қалыптасып отырды. Докторлық диссертацияны қолға ал­ған­нан-ақ өз зерттеуінде алғашқы бо­лып еліміздің ауыл­шаруашылық жер­лерін жекешелендірудің құқықтық негіздерін зерделеп, оның қажеттілігін дә­лелдей білді. Мемлекеттік тілде жазылып қор­ғалған алғашқы жұмыстың бірі – осы Еркін Ша­жаұлының еңбегі. Ғалым, ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлердің заңнамалық ба­за­сын қалыптастырып, жер ресурста­рын құ­қықтық қорғау тетіктерін тұжырымдауды алға қойды. Бүгінде негізгі ұсыныстары ҚР-ның Жер кодексі нормаларында көрініс тауып, елі­міз­де дамыған елдер секілді қажетті деңгейде жер нарығын қалыптастыруға септігін тигізіп отыр. Ғылыми жұмыстарында – елімізді дамыған аграрлық аймаққа айналдыру, экономиканың қар­­қынды дамуына қажетті құқықтық ұсы­ныс­тар әзірлеп, аграрлық банк құру, агролизингті қа­лыптастыру мәселесін көтерді. Аграрлық ко­декс қабылдау туралы заңның жобаларын да дайындады. Ол ұсыныстары да бүгінде өз нә­ти­жесін беруде. Халқының мүддесі үшін жасалған ең­бек­тері оның есімі алғаш рет елімізде жа­рық көрген Қазақ ұлттық энцикло­пе­диясында құқықтану бөлімінің ғылыми кеңесшілері қатарынан көрінуіне себеп болды. 2002 жылы Мәдениет, ақпарат және қо­ғамдық келісім министрлігінің тапсыр­масы­мен қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөз­діктері авторлар ұжымының қатарында бел­сенді еңбек етті. 2008 жылы Алматы облысы, Талдықорған қа­ласындағы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-ға ауы­сып, жалпы экономикалық өндірістік сұрақ­тар жөніндегі проректор лауазымын, мем­лекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер ка­фед­расында профессоры қызметтерін атқарды. 2014 жылы Мәдениет және спорт ми­нистрлігі тапсырмасымен қазақша-орысша тер­мино­ло­гиялық сөздіктің авторлар ұжымымен бір­лесіп еңбек етті. Осы еңбектері бағаланып, 2016 жыл­дың тамыз айында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанындағы мем­лекеттік басқару академиясына жұмысқа ша­қырылды. 2009 жылы өзінің білім жолын бас­таған ҚазҰУ-да «Қазақстан Республикасында ауыл­шаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қам­та­масыз ету мәселесі» тақырыбында док­тор­лық диссертациясын сәтті қорғап, заң ғылым­дары­ның докторы атанды. «Адамдар әділ болса – өмір әрқашан әділ. Өзі­не сенбейтін кісі төңірегіндегілердің бойы­нан ешқандай жақсы сипат, жақсы қасиет көр­мей­ді» – деп Әбіш Кекілбай ағамыз айтпақшы, қа­зақи тәрбие көріп, ана уызына жарыған Еркін Шажаұлы көңілдері қорғасындай балқып, теңіздей толқып, баспанасыз жүрген Қазақстан теле-радиосындағы журналистер қауымына қам­қор болғанын неге айтпасқа?! Анасы Гүлжамал Дүсіпова – Ақтөбе облысы Мұ­ғал­жар ауданындағы Жағабұлақ ауылдық округіндегі «Жаңа жол» орта мектебінде саналы өмірін жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәр­биелеуге арнаған қадірлі ұстаз. 2017 жылы ол кісінің атына математика дәрісханасы ашылып, оны сол мектептің түлегі ретінде Еркін Шажаұлы өзі қамқорлыққа алып, 2018 жылы осы дәріс­ха­наға қажетті күрделі жөндеу жүргізіп, керекті жаб­дықтармен жабдықтап, үздік оқушыларға бү­кіл оқу жылы бойы анасы Гүлжамал Дүсіпова атын­дағы стипендия тағайындады. Қазір Қазақстанда жоғары бі­лім беру сала­сының ілгері дамуына өзінің зор үле­сін қосып жатыр. Соңғы жылдары Қазақстан Рес­публикасы Президенті жанындағы Мем­ле­кеттік басқару академиясының бірінші вице-рек­торы ретінде еліміздің барлық аймағында мем­лекеттік қызметкерлерге жоғары оқудан кейін­гі білім беру, қайта даярлау мен олардың білік­тілігін арттыру бағдарламаларын сапалы және қолайлы түрде жүзеге асырып келеді. Жұ­мы­сының басты мақсаттарының бірі – елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құруды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметкерлер халқымыз­дың тұрмыстық жағдайының өсіп өркендеуіне атсалысуды жүзеге асыруда ынталы еңбек жасау. 2017 жылы қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мем­лекеттік бағдарлама аясында «Цифрлық Академия» жобасын жүзеге асыру мақсатында да жүйелі негізде елеулі еңбек атқаруда. 2019 жы­лы елімізде өткен президенттік сайлауда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының се­німді өкілі болды. Ғылымдағы еңбектері үшін 2014 жылы «Ре­сейдің атақты ғалымдары» энцик­ло­педиясына енгізілді. 2014 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы дүниежүзіне бел­гілі Беркли университетінде кәсіби тағылым­дама­дан өтті. Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқы­тушы – 2014» грант иегері. Е.Дүсі­пов 4 философия докторын (PhD) және бір­неше магистрлер дайындады. Осы аталған жетістіктері үшін 2018 жылы Президент Жар­лы­ғымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қойшығұл Мұстафаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері