PR мамандығы – заманның сұранысы

PR мамандығы – заманның сұранысы

PR мамандығы – заманның сұранысы
ашық дереккөзі
Көпшілік PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек. ХХІ ғасырда жарнама қоғамның капиталы болып тұрған кезеңде дәл осы мамандықтың сұранысы кез келген мекеме, кез келген қызметке ауадай қажат мамандық. Себебі, беделді қалыптастыру, басқару  ісімен дәл осы мамандар айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық  министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және  бірқатар  ірі  тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс  істеуі  мүмкін. Белгілі бір компания не болмаса фирмаға тиесілі тауар маркасының имимджін  құрайды және сүйемелдеп отыруға жауапты маман болып саналады. Нақтырақ айтқанда адамдардың, компанияның қоғам алдындағы беделін, абыройын қалыптастыру, атын шығару. PR  мамандығы шығармашылықты және ұйымдастырушылықты қатар алып жүретін мамандық. Оның басқа мамандықтардан ерекшелігі де осы.PR маманы болу үшін сан түрлі қасиеттерді қатар алып жүру тиіс. Мысалы: жақсы ұйымдастырушылық қабілет, креативті ойлау, көшбасшылық қасиет және осы салаға байланысты заңдарды білу шарт. Елімізде бүгінде пиар мамандарын дайындайтын екі оқу орны бар. Соның бірі — әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Юнеско, Халықаралық журналистика мен қоғаммен байланыс кафедрасы даярлайтын «PR» мамандығы. 2011 жылдың 20 маусымынан бастап «Қоғаммен байланыс» мамандығына абитуриеннттер қабылдау басталған. Журналистика факультеті 2000-2006 жылдар аралығында 500-ден аса PR мамандарын дайындаған. Оның ішінде: жарнама және маркетинг бөлімінің менеджері, баспасөз хатшысы, имиджмейкер, жаранама агенті, баспасөз қызметінің маманы, масс-медиа менеждері, тілші мамандықтарын иеленіп шығуға мүмкіндіктер жасалып отыр. Демек, шығармашылық пен табысты ұштастыруды көздесеңіз бұл  мамандық таптырмас мүмкіндік.

Жамал Жақсытай, ҚазҰУ-дың журналисика факультетінің 3 курс студенті