Бірлік – бәрінен биік ұғым

Бірлік – бәрінен биік ұғым

Бірлік – бәрінен биік ұғым
ашық дереккөзі
Бүгінгідей сәт сайын құ­был­ған аласапыран заманда бір­лік сөзінің мағынасын тағы бір мәр­те ұқ­қандай болдық. Адамдар ара­сындағы ынты­мақ­тың, жара­сым­ды татулықтың көрі­нісі сана­ла­тын халықтар қам­қор­лығының парқын ұғындық. 1 ма­мыр – Қа­зақ­стан халқының бір­лігі күні қар­саңын­да халық арасындағы ынты­мақты арттырып, сонымен қатар мемлекеттік тілдің нығаюына ат­салысып жүрген, қазақ тілінің маңы­зы туралы ұдайы пікір біл­діріп, ұлттарды ұйыстыруға үндеп жүр­ген өзге ұлт өкілдерімен тілдес­кенді жөн санадық.  width=
Максим СПОТКАЙ, Сенат Аппараты басшысының орынбасары:
1 МАМЫР – ЖАЙ ҒАНА «ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ» КҮНІ ЕМЕС – Біз 1 мамыр мерекесінің мағы­на­сын дұ­рыс түсінуіміз керек. Бұл – жай ғана «халықтар дос­тығы» күні емес, бүкіл халқымыздың бірлігі күні. Қазақстан бірліктің арқасында ең күрделі та­рихи кезеңдерінде басқа түскен қиын­дық­тарды еңсере алды. Қазақ халқы тәуелсіздік жо­лындағы күрес пен өзінің аумақтық тұтас­ты­ғын бірліктің арқасында ғана қорғап қалды. Біз бірліктің арқасында 30 жыл ішінде қазіргі за­манғы мемлекеттілікті, тиімді басқару жүйе­сін орнаттық, қоғамдық келісім мен татулықты ны­ғайттық. Біздің барлық жетістігіміз онсыз мүм­кін емес еді. Билікке, шенеуніктерге қарсы болу­ға болатын шығар, бірақ өзіңіздің мем­ле­кеттілігіңіз бен Тәуелсіздікке қарсы болуға бол­майды. Сондықтан Егемендік – бұл қазір біз­ді біріктіретін биік ұғым. Мемлекет бас­шы­сының «алуан пікір – біртұтас ұлт» туралы тұ­жырымына орай бірлік идеясы ерекше маңыз­ға ие болып отыр. Бұл осы мерекенің мән-маңызын ашып көрсетіп, бірлік идеясына де­ген өз көзқарасымызды кеңейте түседі. Осылайша, 1 мамыр – ұлтымыздың, барша хал­қымыздың бірлігі күні. Бұл біздің көзқар­а­сымыз бен ниет-мақсатымыздың бірлігі арқа­сын­да ғана барлық бағытта жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынымызды паш ететін күн. Мемлекеттік тіл 30 жыл ішінде ресми ком­муникацияның тілі ғана емес, сонымен бір­ге қоғамның, басым көпшілігінің қарым-қа­ты­нас құралына айналды. Яғни, қазақ тілін білу тек билік үшін ғана емес, бір-бірін түсіну, қо­ғам­ның көңіл күйін білу, халықтың сөзін сезіну үшін де маңызды. Бүгінде жалпыхалықтық жә­не жалпыұлттық пікірталас мемлекеттік тіл­де жүргізіледі. Сондықтан мемлекеттік қыз­меткерлердің мемлекеттік тілді түсінбей қо­ғамның әлеуметтік сұранысы мен пікіріне шолу жасауы және бағалауы мүмкін емес. 30 жыл ішінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесі мен рөлі айтарлықтай өзгерді. Қазақ тілі бір­тіндеп этносаралық қарым-қатынас құра­лына, әр­түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері үшін бай­ланыс құралына айналып келеді. 90-жыл­дар­дың басында әдебиет, оқулықтар, әдіс­те­мелер мен оқытушылардың жетіспеушілігінен қазақ тілін білетіндердің пайызы төмен бола­тын. Қазір бұл мәселелер оң шешімін тапты. Қа­зақ тілін оқыту орта­лықтары ашылып жа­тыр, қоғамдық пікірталастарда қазақ тілінің рөлі айтарлықтай күшейіп келеді. Мемлекеттің пәрменінен басқа, азаматтардың өздері де ат­салысып жатыр. Мемлекеттік тіл қоғамдық іс-шара­лар­да, ресми және ресми емес кездесулерде қар­қынды түрде қолданылып келеді. Мем­ле­кеттік тілдегі БАҚ та айтарлықтай дамыды. Ақ­параттық кеңістік барған сайын қазақтілді болып келеді. Осылайша, 30 жылда Қазақстан халқының арасында қазақ тілінің мәртебесі көтерілді деп сеніммен айтуға болады. Дәл қазір маған қоғамдық жұмыстарды жал­ғастыру аса маңызды екені ақиқат. Бұл бізге аза­маттардың мәселелерімен айналысуға, бір-бірі­мізге көмектесуге, қоғамда қадірлі құн­дылықтарды насихаттауға мүм­кіндік береді. Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы жұ­мысты волонтер ретінде жалғастыра беретін бо­ла­мын. Жалпы, волонтерлік қызмет кейінгі кезде Мемлекет басшысының қолдауымен жаңа серпін алғанын айта кеткен жөн. Бұл – біз­дің еліміз үшін аса маңызды. Еріктілердің даму деңгейі және азаматтардың бір-біріне қол­дау білдіруі бүкіл мемлекеттің даму деңгейін көр­сетеді.  width=
Татьяна ТҰРЛАЙ, әртіс, блогер:
Қазақ тілінің менің өмірімде көмегі көп – Менің анам ауылда қазақтардың арасында өскен­дік­тен, қазақтардың тұрмыс салты мен салт-дәстүрін жақсы біледі. Бар білгенін маған да үнемі айтып жүреді. Әлі есімде, анам базардан Асылбек Еңсеповтің кас­се­тасын сатып әкеліп берді. Сол сәттен бастап оның ше­бер орындайтын күйін күн сайын тыңдамасам тын­шымайтынмын. Сосын бірде анам мектеп кітап­ха­на­сындағы сөреден Шара Жиенқұлованың, қазақтың ха­лық билерінің топтамасы енгізілген «Би құпиясы» ат­ты кітабын тауып, маған оқуға берді. Сол кітапты ба­сынан аяғына дейін оқып, ақырында бірнеше қазақ би­лерін үйреніп алғанмын. Мектепте оқығанда сы­нып­тастарымның арасынан үздік оқушы атанғым келді, сол үшін барлық пәнді, соның ішінде қазақ тілінде жақ­­сы оқуға тырыстым. Өкінішке қарай, мектеп бағ­дар­­ламасы бойынша оқытылған қазақ тілін оқыту әдістемесі біз күткендей нәтиже бермеді. Бірақ сонда да мектептен тыс уақытта қазақи ортада жүріп, қазақ тілін өз бетімше үйренуге тырыстым. Колледжде оқы­ған­да қазақша КВН-де ойнадым. Көпшілік, тіпті қар­сылас командалар «қазақтардың арасында жүрген сары қыз» деп мені үнемі әзілге қосатын. Командаластарым да мені «аямайтын», қазақ тілін жетік білмейтінімді біле тұра менімен тек қазақша сөйлесетін. Негізі, мен қайда барсам да, қазақтілді ортаға тап болатынмын. Ресейдегі Екатеринбург мемлекеттік театр институтында оқы­ғанымда жатақханада тұрған қазақтармен жақын дос бо­лып араластық. Сол кезде таңды таңға ұрып, сүт қо­сылған шай ішіп, жылқы етінен тамақ әзірлегенімізге ре­сейлік курстастарымыз таңғалатын. Студент кезімде татар ұлтының азаматына тұрмысқа шықтым. Десе де күйеуім қазақ отбасында тәрбиеленген, оны бағып-қақ­қан Тұрысбек ата бар тәттіні немересінің аузына то­сып, бетін қақпай өсірген. Сондықтан қайынжұртымның қазақ халқына тікелей қатысы бар. Өз отбасымның да қатысы бар. Туған сіңлім Александра қазаққа тұрмысқа шыққан. Бүгінде Алматыда ата-енесімен бірге тұрады. Қазақ тілінде еркін сөйлеймін деп айта алмаймын, қа­те сөйлеуге қорқамын. Тек қазақша сөйлеуді талап ете­тін жобаларға келісуге тартыншақтаймын, бірақ бойым­дағы бұл үрейді сейілтуге тырысып жүрмін. Ай­на­ламда ұлты қазақ болмаса да қазақшаға судай таныс­тарым жетерлік. Оларға үнемі таңданыспен қараймын. Олар­мен тең болу үшін қазір блогты қазақша жүргізе­мін, қазақтілді сериалдарға түсемін, арнайы маманмен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Әлбетте, келіндердің тұр­мыс-тіршілігін сипаттайтын блогты көп адам қарайды. Десе де әлеуметтік желідегі аудиториямның өсуіне қа­зақ мәдениетіне деген риясыз сүйіспеншілік, отба­сылық қалжың әсер етеді деп ойлаймын. Мойындау ке­рек, қазақ тілі өмірімде маған көп көмектеседі, мы­салы, базар аралап жүргенде «Мынау қанша тұрады?» деп сұрасам маған, сатушы сұраған затымның бағасын түсі­ріп береді. Бірақ әу баста блогты аудитория қалай жинасам болады деп емес, айналамды қалай қы­зық­тырсам, қандай пайдам тисе деген оймен жүргіздім. Мен – әртіспін, біз үшін мейірімділік пен әзіл бәрінен жоғары тұру керек. Оған қоса, мен қазақ мәдениеті мен қазақ тіліне «ғашықпын». Осының барлығын біріктіре ке­ле қазір көпшілік білетін Таня Тұрлай болып шыға кел­дім. Бірінші мамандығым педагог-хореограф болған­дықтан, 1 мамыр дегенде «Халықтар достастығы» биі ес­ке түседі. Бұл биді қазақтар, орыстар, қырғыздар, ук­раин­дықтар, беларусьтер, әзербайжандар, грузиндер, немістер, өзбектер және тағы басқа ұлттар өкілі бірге би­лейді. Жыл сайын осы биді билеген кезде осыншалық мә­дениетке бай елде туып-өскеніме марқайып, төбем көк­ке жетіп, ерекше күйге бөленемін. Жалпы, 1 мамыр – ашық аспан астында тұратын барлық халықтың бір­лігін айқындайтын қуаныш мерекесі. Сондай-ақ 1 мамыр – бүгінде жаныма жақын халықтарға жетіспей жүрген бейбітшіліктің құнын түсінуге тамаша мүмкіндік.  width=
Алексей ЛОДОЧНИКОВ, блогер, домбырашы:
ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ – Ынтымақ пен бірлік – Қазақстанның үлкен жетістігі. Бүгінгідей алашапқын уақытта бізге осы жетістігімізді сақтап қалуымызға күш салуымыз қажет. Тек ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Сондықтан қазір бізге сүттей ұйыған ынтымағымызды бұрынғыдан бетер нығайта түсу керек. Біздің елде тұратын әр азамат ынтымақ пен бірлік сөзін тек 1 мамыр күні еске салмаса екен деймін. Әлбетте, ел халқын топтастыруда, достастыруда бұл мерекенің рөлі зор. Дегенмен қалған 364 күнде де ынтымақ пен бірлік, татулық пен тұрақтылықты ту қылып тігіп жүргеніміз жөн. Өзге ұлт өкілі болсам да, бұл мерекеде көпшілікпен бас қосып, дүркіретіп тойлаймын деп айта алмаймын. Бірақ дәл сол күні әлеуметтік желі арқылы дос-жаран, әріптестеріме құттықтау жіберемін. Халықтар достығына арналған мереке болған соң, жаныма жақын достарымды бір ауыз сөзбен болса да қуантқым келеді. Жалпы, мен тамаша көңіл күй сыйлағанды жөн көремін. Көпшілік қазақ тілін жетік білу себебінен әлеуметтік желілердегі аудиториямның саны көбейіп жатыр деп ойлауы бек мүмкін. Бірақ мен блогты тек ол үшін ғана емес, сондай-ақ, адамдарға позитив сыйлау үшін жүргіземін. Жүрген жеріңді ән мен күйге бөлеп, әдемі әзіл айтқанға не жетсін! Ән мен күй демекші, қазақтың қара домбырасымен дәстүрлі әндерді орындаймын. Бір қарағанда тек блог жүргізетін адамға ұқсауым мүмкін, бірақ алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмай, әншілік жұмысты да дамытсам деген жоспарым бар. Сосын, әлбетте блогосферада қазақ тілін насихаттауды жалғастыра беремін. Өкінішке қарай, елімізде тіл мәселесі әлі де бар. Қазақ тілін білудің мен үшін оң шешім екенін айтқым келеді. Біріншіден, бұл – мемлекеттік тіл. Мұны білуге бәрі міндетті. Екіншіден, қазақша ән шырқап, қазақша таза сөйлегенімнің арқасында маған үлкен жол ашылды, мол мүмкіндік берілді. Сондықтан өзгелер мен секілді мемлекеттік тілді үйренсе, алдынан даңғыл жол ашылады деп ойлаймын.  width=
Олег ЧУГУНКОВ, Курчатов қаласының әкімі:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРУ БОЛАШАҒЫҢА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ АШАДЫ – 1 мамыр менің бала күнімдегі асыға күте­тін мерекемнің бірі болды. Миллиондаған за­ман­дастарым секілді қолыма шар, бейбіт­ші­лік­тің символы саналатын көгершін құсының қа­ғаз бейнесін ұстап алып, ауыл орталығында өте­тін парадқа ата-анаммен бірге қатысуға қат­ты асығатынмын. Бұл – ауылымыздың үздік жұ­мысшылары, қарапайым еңбек адамдары мара­патталып, бір марқайып қалатын ерекше күн. Бұл – ғарышкер болуды армандайтын бала ар­­манымның орнына айға ұшпай-ақ, елімнің өрк­ендеуіне қолымнан келгенін жасап, қара­пайым жолмен де үлес қосуға болатынын ал­ғаш ұғындырған мереке. Ұлтым орыс болғанмен, бала жастан қазақ тілінде ойымды еркін жеткізетіндей деңгейде меңгергенім көрініп тұратын. Өйткені ауылдың то­­пырағында аунап өскен бала болғандықтан тіл­ді меңгеруіме өскен ортамның, дос­тарым­ның, ата-анамның ықпалы зор болды. Бүгінде со­ның жемісін көріп жүрмін. Сондықтан ай­на­ламдағы барша отандасыма тілді меңгеру, әсіре­се мемлекеттік тілді үйрену болашағыңа даң­ғыл жол ашады дер едім. Ал мемлекеттік қыз­мет жолын таңдаған әріптестеріме, әсіресе қол астымда жұмыс істейтіндерге «Қызмет са­ты­сымен көтерілгің келе ме? Мемлекеттік тілді үй­рен! Басты артықшылығы осы» деп моти­ва­ция бергенді жөн көремін. Оларды «Тілді міндетті түрде үйрену қажет» деген талап қойғаннан гөрі осылай ынталандырғанды құп санаймын. Негізі, бұлай талап ету мемлекеттік деңгейде қа­талдау болса өте жақсы болар еді. «Мемле­кет­тік тілді білмейтіндер мемлекеттік тілді мең­герген әріптестеріне қарағанда 25 пайыз аз жалақы алады немесе жоғары лауазымды орын­дарға ұсынылмайды» деген сынды нақты қа­таң талап қойсақ, 30 жыл шешілмеген мемле­кет­тік тіл тақырыбына 1 жыл ішінде-ақ нүкте қоюға болар еді. Мемлекеттік қызмет жолын таңдаған әрбір аза­мат мемлекеттік тілді жетік білуі – заңды­лық. Бірақ біздің елде мемлекеттік тіл тақыры­бы «қамшылап емес, тамшылап» орындалатын өзек­ті тақырып болғандықтан жиі талқыға са­­­лынады. Тәуелсіздігінің отыз жылдық белесін ба­ғындырған елімізде тіл тақырыбын өз дең­гейін­де орындалмай отырғаны мені қынжыл­тады. Меніңше, мемлекеттік тілді үйрету үшін азаматтарына бар мүмкіндікті жасап отырған әлем­дегі ең толерантты ел біз ғана шығар. Осын­­дай мүмкіндікті пайдаланбаған азаматтар өзі­нен көрсін. Қамшылайтын заман келді. Сон­дықтан өз болашағын Қазақстанмен бай­ла­ныс­тыратын, бұл елді Отаным деп бағалайтын кез кел­ген азамат мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тиіс. Мемлекеттік тіл тақырыбы ешқашан тал­қы­ланбауы тиіс. Неге десеңіз, бұл – талқылан­бай­тын, орындалатын заңдылық. Бұл – менің жеке пікірім, азаматтық көзқарасым, ұстаны­мым.  width=
Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ, Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені, пауэрлифтингтен спорт шебері, гір тасын көтеру бойынша спорт шеберлігіне үміткер:
ҰЛТТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ТАТУЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНУ ҮШІН ОСЫНДАЙ МЕРЕКЕЛЕР КЕРЕК-АҚ – 1 мамыр – біз, қазақстандықтар үшін ең маңыз­ды мереке. Қазақстан көпұлтты отбасының мүшелерін бір шаңырақ астына біріктіріп, тату-тәтті өмір кешуіне жағдай жасап отырғанын әлемге дәлелдеп келеді. Сондықтан осы жарасымды татулықтың маңызын тағы бір мәрте түсіну үшін осындай мерекелер керек-ақ. Тағы бір айтарым, бұл мерекенің мен үшін маңызы зор, себебі бұл – ел аумағында тұрып жатқан халық­ара­лық отбасыларға, әсіресе осындай киелі жерде тұрып жатқанымыз үшін қазақтарға алғыс білдіруге жақсы мүмкіндік. Десе де Қазақстан аумағы менің де жерім деп те айтуға болады, себебі мен – қазақстан­дық­пын. Мен – бұл жерде тұрып жатқан үшінші ұрпақ­пын. Тіл – бірлік пен ынтымақтастық құралы. Ерте ме, кеш пе, ел аумағында тұрып жатқан әр өзге ұлт өкілі қа­зақ тілінде сөйлейтін болады. Біз мемлекеттік тілді біліп қана қоймай, оны мақтан тұтуымыз керек. Қай ұлттан тарасаң да, Қазақстан территориясында тұрып жатқан соң сенің ана тілің қазақ тілі болуы керек, ал ұлтара­лық қатынас тілі ретінде кез келген тілді қол­дануға болады. Қазір қазақ тілін үйреніп жүргеніме екі ай болды. Екі ай ішінде қазақ­шам судай болды деп айта алмаймын, бірақ бір біле­тінім – сізге жүз пайыз сеніммен айта аламын, алдағы уақытта қазақ тілінде еркін сөйлейтін боламын. Қазақ тілін үйрену – менің азаматтық ұстанымым. Бұл тіл қазақстандықтардың басын біріктіруде өте жақсы алаң бола алады. Өзім Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы Новокубанка ауылының тумасымын. Өкі­нішке қарай, біз жақта қазақ тілі мектебі болмады. Ал кейбір орыс мектептерінің оқу бағдарламасына қа­зақ тілі пәні кіріктірілмеді. Шет тілі ретінде неміс ті­лін оқыдық. Мектепте жүргізілген қазақ тілі пән­дерінің оқыту әдістемесі дұрыс болмады. Сол себепті мек­теп бітіріп шыққанда тіпті екі сөздің басын құрай алма­дық. Қазақ тілін үйренуді енді қолға алып жатыр­мын. Айтпақшы, бізге қазақ тілі мектебінің негізін қалаушы Владислав Тен сабақ береді. Қазақстанда кәріс мен секілді беларуське қазақ тілін үйретіп жүр, керемет емес пе, келісерсіз?! Кейде ойлап қоямын, егер мен Түркістан облысында тусам, орыс тілін мүлде білмес едім. Бірде астанаға қонаққа келген, Қазақстанның оң­түстік бөлігінде туып-өскен неміс, украин, беларусь­тармен достасып алдым. Орыс тілінде бірде-бір сөз білмейтін олар қазақшаға судай. Таныстарым олардың кейбір қазақтар білмейтін сөздерді білетінін айтып, таңғалысты. Біз де бір күні соған келеміз. Біз де олар секілді емін-еркін сөйлейтін боламыз. Байқап қарасам, бүгінде қазақ тілін үйрену оңай іс екен. Мен мұны қа­зақ тілін үйреніп жүрген балаларымнан аңғардым. Қа­зір әр өңірде мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Алдағы уақытта бұдан да жақ­сы жағдай жасалады деп ойлаймын. Десе де барлығы адамның өзіне байланысты. Ниет танытса, қазақ тілін аз уақыт ішінде үйреніп алуға болады. Айналамда қа­зақ тілін үйренуге құлшыныс танытып жүрген не­містер, украиндықтар қазір ол тілді өздігінен үйреніп жүр. Бұл қарқын осылай жалғасатын болса, 5-10 жыл­дан соң түгеліміз қазақ тілінде сөйлесеміз деген сенім­демін.