Жаңалықтар

«Мен – қазақпын»: Александр Бублик Ресеймен байланысы жайлы айтты

ашық дереккөзі

«Мен – қазақпын»: Александр Бублик Ресеймен байланысы жайлы айтты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик азаматтығын ауыстыру және ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап. «Менде енді ресейлік төлқұжат жоқ, өйткені қос елдің азаматы болуға болмайды. Ресейдің теннис федерациясына еш қатысым жоқ. Мен – қазақпын, бұл ел үшін алты жыл ойнап келемін. Дэвис кубогі, Азия және Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығатыныма мақтанамын», - деді теннисші Eurosport.de басылымына берген сұхбатында.