Партия съездері соңғы кезде өте динамикалық түрде өтіп жатыр – Ерлан САИРОВ

Партия съездері соңғы кезде өте динамикалық түрде өтіп жатыр – Ерлан САИРОВ

Партия съездері соңғы кезде өте динамикалық түрде өтіп жатыр – Ерлан САИРОВ
ашық дереккөзі
– Съезд өте жоғары деңгейде өтті. Съездегі ең үлкен оқиға – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «AMANAT» партиясының төрағасы миссиясын аяқтай­ты­нын мәлімдеді. Бұл – біздің еліміздегі демократиялық плюрализмнің дамып келе жатқанының және көппартиялық жүйенің іс жүзіне асатынының айқын көрінісі. Сонымен бірге съезде қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік мәселелері кеңінен талқыланды. Ал съездегі екінші ерекшелік – «AMANAT» партиясының төрағасы лауазымына Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлының сайлануы. Енді «AMANAT» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын іс жүзіне асырып жатыр. Бүгінде партияның интеллектуалдық, саяси-морльдық потенциалы өте жоғары. Сондықтан біздің еліміздің әлеуетін дамыту, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау жолында «AMANAT» партиясы өзінің қызметін ары қарай да атқара беретін болады. Ал үшінші оқиға – «ADAL» партиясының ел әлеуетін жақсарту үшін, сайлауалды бағдарламаларын бірге орындау үшін «AMANAT» партиясына қосылуы. Президент Қ.Тоқаевтың өзі еліміздің егемендігін арттыру үшін саяси күштердің барлығы бірігуі керек деп мәлімдеді ғой. Менің ойымша, бүгінгі аумалы-төкпелі заманда мұндай мақсаты мен бағыты ұқсас партиялардың бірігуі логикалық тұрғыдан өте дұрыс. Жалпы, партияның съездері соңғы уақытта өте динамикалық тұрғыда өтіп жатыр. Демек, бұл – елімізде әлі үлкен өзгерістер болады деген сөз.