Конституциялық реформа – жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты

Конституциялық реформа – жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты

Конституциялық реформа –  жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Қазақстан хал­қына Жолдауында саяси реформалардың бағдарламасын ұсынған болатын.
– Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қай­та құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Мұнда ең алдымен, суперпрезиденттік басқару форма­сы­нан күшті Парламенті бар президенттік респуб­ли­ка­ға түпкілікті көшу туралы айтылып отыр. Мұндай жүйе билік институттарының қолайлы теңгерімін қам­тамасыз етеді және елдің орнықты дамуына ық­пал ететін болады. Алдымызда Парламенттің рө­лін күшейту міндеті тұр. Бұл «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзе­ге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел бо­латынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке ай­налдырамыз. Осыған орай күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет қағи­да­тын басшылыққа аламыз, – деген еді Президент.
Сол кезде Мемлекет басшысы елі­міздегі суперпрезиденттік бас­қару жүйесі бастапқы ке­­зеңде орынды болған деген пі­кір айтты. Дегенмен қазір мұн­дай басқару формасы заман тала­бы­на сай келмейтінін де айтып өтті.
– Тек бастапқы кезеңде ғана емес, 30 жыл бойы белгілі бір дең­гей­де орынды болды. Бірақ біз бір орын­да тұрмаймыз. Қоғам өзгеру­де, ел өзгеруде. Оған біздің саяси жүйе­міз де бейімделуге тиіс. Қазір бәрі Президентке келіп тіреледі, бұл дұрыс емес. Мұндай тәжіри­бе­ден біртіндеп кету керек. Мем­ле­кет­тің ұзақмерзімді мүдделері мен үшін биліктің қосымша тетіктері­нен және ситуациялық ықпалдан да маңыздырақ, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
26 наурызда өткен «AMANAT» пар­тиясының кезектен тыс съе­зінде Президент Конституцияға ен­гізілетін өзгерістер мен то­лық­тыру­лардың жобасын дайындау жө­нінде ауқымды жұмыс бастал­ға­нын, онсыз жоспарланған саяси ре­формаларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты. Конституциялық реформаның мақ­саты – елімізді саяси тұрғыдан одан әрі жан-жақты жаңғыртудың берік іргетасын қалау екеніне тоқ­талған Президент өткен ап­тада Конс­титуциялық кеңеске түзе­ту­лер жобасы жолданғанын мәлім­деді. Оның қабылдануы мемлекет­тік институттарды құрудың және қыз­метінің мүлде жаңа үлгісін – Жаңа Қазақстанды құруға мүм­кін­дік бермек. Сонымен қатар Конституцияға ен­гізілген өзгерістер мен толық­тыру­лар елдің бүкіл саяси архи­тек­турасын кешенді түрде қайта қарауға, билік тармақтары арасын­да­ғы тежеу мен тепе-теңдіктің не­ғұрлым теңгерімді жүйесін құру­ға бағытталғаны айтылды. Пре­зидент суперпрезиденттік бас­қару түрінен түбегейлі бас тартып, Пар­ламент пен мәслихаттардың өкілеттігін күшейтетінімізге тоқ­талды. Ал Парламент Мәжілісінің тө­ра­ғасы Ерлан Қошанов баспасөз алаңында БАҚ өкілдеріне берген сұх­­батында Тұңғыш Президент ту­ралы заң күшін жоятынын айтты.
– Конституцияға енгізілетін өз­герістер қазір конституциялық кеңесте. Президент арнайы жиын өткізгенін білесіздер. Сол жиында бә­рін талқылап, жұмыс тобының есе­бін тыңдады, содан кейін Конс­ти­туциялық кеңеске жіберді. Конс­титуциялық кеңес сол жо­ба­ны жариялады. Жұмыс тобы қан­дай баптар ұсынып отырғанын жақ­сы білесіздер. Бұл жерде Елбасының мәр­те­бесі, артықшылықтары алынып тас­талды. Тек қана осы мемле­кет­тің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сол Конституцияда қал­ды. Ал бұл норма қабылданғаннан кейін Тұңғыш Президент туралы конс­титуциялық заң күшін жояды, – деді Қошанов.
«Конституциядағы экс-пре­зи­дент туралы норма бұрынғы пре­зи­дентке қандай құзыреттер бере­ді?» деген БАҚ өкілдерінің сұра­ғы­на Мәжіліс төрағасы
«Біріншіден, ар-намысы мен абыройын қор­ғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеу­меттік жағынан қорғау, зей­не­та­қысы бар, көлігі бар, күзеті бар, осы мәселелерді қамтамасыз ету мем­лекет тарапынан. Осындай құ­зырет беріледі» – деп жауап берді.
 width=
Зәуреш БАЙМОЛДИНА, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры:
ЖАҚЫНДА КОНСТИТУЦИЯДА 31 БАП ӨЗГЕРТІЛІП, 2 ЖАҢА БАП ЕНГІЗІЛЕДІ – Біз қазір жаңару және мо­дер­ни­зация жолымен жүруіміз қажет. Президент Қазақстан халқына жол­даған жолдауында он басты ба­ғыт­ты айқындап берді. Қазір аз уа­қыт ішінде сол он бағыттың бе­сеуіне қатысты түбегейлі өзгеріс­тер болып жатқаны баршаға мә­лім. Суперпрезиденттіктен пре­зи­дент­тік билік жүйесіне ауысып, «күш­ті Президент – ықпалды пар­ла­мент – есеп беретін Үкімет» жүйе­сіне өтеміз. Мемлекет басшысының ең жа­қын туыстарына саяси мемле­кет­тік лауазым атқаруға, квази­мем­лекеттік секторда басшылық қыз­меттерде жұмыс істеуге тыйым са­лынуы, оның облыс және рес­пуб­ликалық маңызы бар қала әкімдерін тиісті аумақтағы барлық мәслихаттың қарауынан, мүмкін таңдауынан кейін тағайындауы секілді өзгерістер енгізілді. Бірте-бірте саяси жүйені демократия­лан­дыру процесі жаңа негіздер ар­қылы іске асырылатын болады. Жақын арада Конституцияда 31 бап өзгертіледі, сондай-ақ 2 жаңа бап енгізіледі. Осылайша, біз де­мок­ратиялық нормаға қарай ба­ғыт­тап келеміз. Ал бірінші Президент туралы заңға өзгерістерді сөз ететін бол­сақ, бізде Президент бар. Конс­ти­ту­цияға сәйкес Президент – Мем­ле­кет басшысы ретінде ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыт­тар­ды анықтайтын жоғары лауа­зым­ды тұлға. Ал 46-бапта Прези­дент­пен қатар, бірінші Прези­дент­тің мәртебесі ел Конституция­сы­мен және конституциялық заңмен ай­­қындалған. Сонымен қатар 91-бап­тың 2-тармағында жазыл­ған Елбасының мәртебесі 46-бапта айтылған заңмен тығыз байла­ныс­ты. Әрине, бұлай болмау керек. Біз бұл кезеңнен өттік. Бірінші Прези­дент­ті тәуелсіз Қазақстанның не­гі­зін салушы ретінде мәртебесін сақ­тап, ал қалған нормаларды алып тастау көзделіп отыр. Нұрсұл­тан Назарбаевтың Қазақстанның жеке мемлекет болып қалыптасуының басы-қасында жүргені, тәуелсіз Қа­зақстанның ары қарай өркен­деуі­не үлкен үлес қосқаны – та­ри­хи факт. Оның ерен еңбегін ешкім жоқ­қа шығара алмайды. Сол се­беп­ті оның егемен елдің негізін салу­шы ретінде мәртебесін сақтап қал­ғаны дұрыс. Өзіміздің тари­хы­мыз­ды сыйлай білуіміз керек. Тари­хымызда қандай оқиғалар бол­ды, қандай тұлғалар болды, олар­дың атқарған рөлі қандай еке­нін халық ұмытпауға тиіс. Бұл – зерттеуді қажет ететін үлкен та­қырып. Алдағы уақытта ғалым­дар мен зерттеушілер бірінші Пре­зиденттің мәртебесін жан-жақ­ты зерттеп, көпшілікке біз біл­мейтін қызық деректер ұсы­на­ды деп ойлаймын.