«АMАNАT» әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді

26 cәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «AMANAT» пар­тиясының XXIII съезі өтті. Онлайн фор­­матта өткен съезге барлық өңірден делегаттар қатысты.

Съездегі ең елеулі оқиға – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «AMANAT» партиясынан шығу жө­нін­дегі шешімі. Одан бөлек, «ADAL» партиясының «AMANAT»-қа қосылуы да жиынның жаңалығы болды.
21 сәуірде партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президент осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.
Мемлекет басшысы сөзін қаңтар оқиғасынан кейін­гі ел ахуалын оңалту мәселесіндегі партияның рөліне тоқ­талып, «АMАNАT» әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әр­дайым баса мән беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына мемлекет пен қоғамды тү­бе­гейлі жаңарту үдерісі басталғанын айтты.
Президенттің пікірінше, «АMАNАT» осы жүйелі өз­герістерге белсене атсалысып келеді. Сонымен қатар пар­тияның қолға алынған реформаларға жан-жақты қол­дау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасын тиімді жүзеге асыруға қосып жатқан үлесіне тоқталды.
– Қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекет пен қоғам­ды түбегейлі жаңарту үдерісі басталды. «AMANAT» осы жүйе­лі өзгерістерге белсене атсалысуда. Қолға алынған ре­­формаларға партия жан-жақты қолдау көрсетуде. Со­нымен бірге, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасын тиімді жүзеге асыруға үлес қосуда, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үде­рі­сі басталғанын айтты.
– «АMАNАT» әлеуметтік әділдік қа­­­ғидатын орнықтыруға әрдайым ба­са мән береді. Мемлекеттілікті ны­ғай­ту және ел бірлігін бекемдеу – ұйым­ның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрен­динг жасау қолға алынды. Сондай-ақ оны институционалдық тұрғыдан жаңар­ту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірі­сіп кетті. Нақты нәтиже бар, өзге­ріс­терді қазірдің өзінде көріп отыр­мыз. Осы қарқынды бәсеңдетпей, жұ­мысты одан әрі жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.
Президент наурыз айының ор­та­сында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында саяси реформалардың ау­қымды бағдарламасын ұсынғанын ес­ке салды. Сонымен қатар бірден Конс­титуцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын дайын­дау жөнінде ауқымды жұмыс бас­талғанын, онсыз жоспарланған сая­си реформаларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап өтті.
– Конституциялық реформаның мақ­саты – елімізді саяси тұрғыдан одан әрі жан-жақты жаңғыртудың бе­рік іргетасын қалау. Өткен аптада Конс­титуциялық кеңеске түзетулер жо­басы жолданды. Оның қабыл­дануы мемлекеттік институттарды құру­дың және қызметінің мүлде жаңа үлгісін – Жаңа Қазақстанды құру­ға мүмкіндік береді. Азаматтар тара­пынан: «Жаңа Қазақстан деге­ні­міз не?» деген сауал жиі қойылып жүр. Менің ойымша, бұл сұраққа қыс­қа да нұсқа жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мә­нінде Әділетті Қазақстан.
Азаматтарға әлеуметтік әділдік же­тіспейтінін мойындайықшы. Қара­пайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде, тіпті әділет­сіз­дік мемлекеттік аппарат өкілдері тара­пынан да жасалып жатады. Аза­мат­тардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды. Сон­дықтан «AMANAT» партиясының ал­дында осы олқылықтардың орнын тол­тыру міндеті тұр. Азаматтық қо­ғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін сіздер халық өкілдерімен ете­не жұмыс істеулеріңіз керек, – де­ді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Конституцияға ен­гізілген өзгерістер мен толық­тыру­лар елдің бүкіл саяси архитектурасын кешенді түрде қайта қарауға, билік тар­мақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін құруға бағытталғанын айт­ты. Президенттің пікірінше, біз су­пер­президенттік басқару түрінен тү­бегейлі бас тартамыз, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін кү­шейтеміз. Партиялық-саяси жүйені жаңғырту – басым бағыттың бірі.

«ADAL партиясының «АMANAT» партиясымен бірігу жөніндегі бастамасы – басталған өзгерістердің жарқын көрінісі»
Одан бөлек съезде «ADAL» пар­тия­сы мен «AMANAT» партиясының бірігетіні туралы шешім қабылданды.
– Жалпы алғанда, партиялық алаң­да сең қозғалғанын көріп отыр мыз. «ADAL» партиясының «АMANAT» пар­тиясымен бірігу жөніндегі баста­масы – басталған өзгерістердің жар­қын көрінісі. «ADAL» партиясының же­текшілері мен мүшелеріне осы маңыз­ды шешімдері үшін ризашы­лы­ғымды білдіремін. Жаңа Қазақ­станды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұ­мылуы керек. Бұл ретте, партия­лар­дың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан, «ADAL» партиясының бастамасын қол­дап, онымен біріккен жөн деп са­­­­наймын. «ADAL» – өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бә­секе артып келе жатқан қазіргі ке­зең­де мұның айрықша мәні зор, – де­ді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы партиялар мен сайлау туралы заңнамаларды ли­берализациялау қоғамның рөлін кү­шейтеді. Бұл – биліктің барлық дең­гейінде қабылданатын шешім­дері­не қатысты. Президенттің пайы­мын­ша, азаматтардың дауысы үшін бә­секе күшейіп, саяси үдерістердің қар­қыны мен мазмұны өзгереді.

Ерлан Қошанов – партияның жаңа төрағасы
– Мен бұған дейін партия төра­ға­сы лауазымынан босап, ұйым қата­ры­нан шығатынымды айттым. Осы ұй­­­ғарымды жүзеге асыратын кез кел­ді. Бүгіннен бастап «AMANAT» пар­тиясының төрағасы ретінде өкі­лет­тігімді тоқтатып, партиядан шығу ту­ралы шешім қабылдадым. Бұл қа­дам­ның символдық мәні бар. Осы орай­да Президент сайлауында маған се­­нім артып, қолдағандарыңыз үшін бар­шаңызға алғысымды айтқым ке­леді. Сондай-ақ жауапты сәтте пар­тия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Президент «AMANAT» партиясының төрағалы­ғына Ерлан Қошановты ұсынды.
– Мен партия төрағасы лауа­зы­мына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы біле­сіздер. Ерлан Жақанұлының ұйым­дастыру қабілеті жоғары, тә­жіри­белі әрі білікті азамат, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ұсыныс бі­рауыз­дан қолдау тапты. Ерлан Қоша­нов партиясының төрағасы болып сайланды.
Президенттің пікірінше, мұндай қа­­ғида сайлауға қатысатын барлық күш­­терге тең мүмкіндік туғызады. Сая­­си жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билік­ке тәуелді болмаса, оған халықтың се­­­німі нығайып, беделі артады.
– Қазір ұйым Мәжілісте және мәс­лихаттарда едәуір басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан Үкімет пен әкім­діктердің жұмысына қатаң ба­қы­лау жасай алады. Президент пар­тия қатарынан шыққанымен, ұйым­ның стратегиялық бағдары өзгермей­ді деп ойлаймын. «AMANAT» еліміздің сая­си өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық. Сая­саттағы сабақтастық сақталып, пар­тия ел игілігі үшін жасап жатқан жұ­мыстарын жалғастыра береді, – де­ді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы бүгінгі өз­геріс­тер «АMАNАT» партиясының за­ман талабына сай жаңара түсуіне жол ашатынына сенім білдірді.
Одан бөлек, съезде «АMАNАT»-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияны модерни­зация­лау­ға байланысты атқарылып жатқан істерге тоқталды. Оның сөзінше, нау­рыз­дан бастап мобильді қоғам­дық қабылдаулар өз жұмысын баста­ған, нәтижесінде 196 ауылда барлығы 163 мобильді қабылдау өткізіліп, 2,1 мың­нан астам азаматтың талап-ті­легі тыңдалыпты. 400-ден астам мә­се­ле оң шешімін тауып, қалған­дары бақылауға алынған. Маусым айының соңына дейін мобильді қоғамдық қа­былдаулар өңірлердегі 500-ге жуық шал­ғай ауылға баруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Мәжіліс пен мәс­­лихаттардағы фракция қызметін жандандыру мақсатында қоғамдық кеңестер саны 40 пайызға қысқар­тылған.

Ерлан ҚОШАНОВ,
«AMANAT» партиясының төрағасы:

Бұл лауазым қоғамдық жұмыс болып есептеледі

– Кеше ғана партияның съезі өтті. Президент ұсынғаннан кейін партияластарым дауыс беріп, мен осы лауазымға сайландым. Бұл лауа­­зым қоғамдық жұмыс болып есеп­теледі. Ал Парламент Мәжілі­сінің төрағасы қызметі – сайла­ма­лы қызмет. Екеуінің арасында заң жағынан қарама-қайшы ештеңе жоқ деп ойлаймын. Екіншіден,
бұл – әлемдік тәжірибе. Басқа мем­ле­ке­т­терде де, депутаттар, Пар­ламент төра­ғалары басымдық ал­ған пар­тияның төрағасы саналып жатады. Ол (бағыт) – президенттің бағы­тын қолдау, реформаларын жү­зеге асыру. Саяси және эконо­ми­калық, әлеуметтік реформалар ха­лықтың жағдайын көтеруге, сая­си, бизнес пен экономикадағы бәсе­келестікті арттыруға бағыт­та­ла­ды. Бұл – біздің темірқазық. Біз бұ­дан ауытқымаймыз.

Ерлан ҚАРИН,
мемлекеттік хатшы:

Саяси уәде орындалды

– «AMANAT» партиясының съе­зі өтіп, ұйым «ADAL» партия­сы­мен бірікті. Мұның әсерінен билік пар­тиясының электоралдық ба­за­сы кеңейіп, қоғамның реформалар төңірегіне шоғырлануы жалғасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «AMANAT» партиясына төра­ға­лық етуді доғарып, партия құра­мы­нан шығуы айтарлықтай жаңа­лық болғаны сөзсіз. Мем­лекет бас­шысы қаңтар айында пар­тия төрғасының төрағалығы қыз­метінде кіріскен кезде бұл лауа­зымды уақытша ғана жыл соңы­на дейін қабылдағанын айт­қа­нын атап өту керек. Саяси уәде орын­далды.
Оған қоса Мемлекет басшысы нау­­рыз айындағы Жолдауында Конс­титуцияда ел Президенті уәкі­­летіндегі адам саяси партия құра­­мында болмауы керек деген нор­­маны бекітуді ұсынған бола­тын. Осылайша, Президент Конс­ти­­туцияға осындай өзгерістің енгі­­зілуін күтпестен өзі бастамашы бол­ған саяси реформаны іс жүзін­де бастап кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button