Маңғыстау жағалауында қырылған итбалықтар көбейіп барады

Маңғыстау жағалауында қырылған итбалықтар көбейіп барады

Маңғыстау жағалауында қырылған итбалықтар көбейіп барады
ашық дереккөзі
2022 жылы 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында барлығы 94 өлі итбалық табылды деп хабарлады turkystan.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап. Зерттеу жұмыстарын Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізіп жатыр. Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су мен топырақ сынамаларын алды. Итбалықтардың қаңқаларының қатты ыдырауынан өлімнің себептерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмаған.
«Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың қаңқаларын жою шаралары ұйымдастырылуда. Жағалау мониторингі жалғасуда, су мен топырақты талдаудан алынған сынамалардың нәтижесі белгілі болған соң қосымша ақпарат жарияланады» деп жазылған хабарламада.