«Білгенін істеп келіпті»: Шымкентте әйелі күйеуін педофил деп айыптады

Шымкентте 39 жастағы ер адамды өз әйелі педофил деп айыптады. Келіншектің айтуынша, ол 8 жасар туған қызына азғындық жасаған деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сұмдық жайтты жеткіншектің өзі анасына айтып беріпті. Полицейлер отағасын бірден ұстағанымен, көп ұзамай босатқан.

Ашынған әйел істің тоқтатылуына күйеуінің тергеуші мен прокурор туыстары ықпал еткен деп есептейді. Сондықтан күйеуінің қайтадан қамалуын талап етіп отыр. Алайда тәртіп сақшылары жасөспірімге сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бабымен іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын жеткізді.

Аты-жөнін атамауды өтінген әйелдің айтуынша, күйеуінің азғын екенін ақпанда білген. Көрші келіншектермен серуендеуге шықпақ болғанда қызы үйде әкесімен жалғыз өзін қалдырмауын өтініп шырылдапты. Себебін сұрағанда, сұмдық жайтты айтқан. Үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әке жылға жуық уақыт өз қызына білгенін істеп келіпті дейді келіншек.

«Мен үйде жоқ кезде үлкен баламды барып ойнап кел деп игротекаға жібереді екен. Ал кішкентайлар отырады екен мультфильмге қарап, істеп отқан ісіне», – дейді жәбірленуші.

Мұны естіген әйел дереу полиция емес, ата-енесін шақырған. Бірақ күніге есірткі шегетін оны туыстары «өзіміз емдеп аламыз» деп арашалапты. Кейін ұрып-соғатынды шығарған соң полицияға арыз түсірдім дейді.

«Тергеуші және де прокурор барлығы бір ауылдан, кейін білдім бәрі бір ауылдан екен. Рулас. Істің барлығын жылы жауып отыр. Берген айғақтардың бәрін жоққа шығарып отыр.  Сол кезде жаңағы айтты, мен бұл жағдай педофилдік үшін ары кетсе 10 жыл отырамын. 10 жылдан кейін бәрібір шығып, сені және қызымды өлтіремін деді сол кезде», – дейді әйел.

Аса ауыр айыппен 10 жыл отырмақ түгілі, 10 күннен кейін еркіндікке шыққанына заңгерлер де аң-таң. Адвокат Нұркен Қалмырзаев бұл іс бойынша куәгердің бар екенін айтады. Бірақ тергеуші бұған мән бермепті.

«Негізі, куә болған бір жасөспірім бала бар. Оны тергеушіге айтқан дейді. Бірақ тергеуші оны өзінің жауап хаттамасында көрсетпеген. Прокурор өз қаулысында жазады сот сараптамалары дайын болмауына байланысты осындай босатылуға жатады деп. Ал негізі мұндай жағдайда заң бойынша созылуы керек еді. Себебі ертең ол сараптаманы прокурор білмейді ғой. Ол ертең қорытынды беретінін мысалы», – дейді адвокат Нұркен Қалмырзаев.

Ал полицейлер болса іске енді кірісіп жатыр. Яғни, тергеушіні ауыстырып, куәгерлерден жауап алуды бастапты. Сараптамалар да толық тағайындалғанын жеткізді. Бірақ әлі күдікті қамалмаған.

«Күйеуі жасөспірім қызына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны бойынша көрсеткен. Бұл арыз бірден Еңбекші АПБ-ның бірыңғай тіркеп тексеру тізіміне тіркелді. ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігі, ол сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасөспірімге жасалғаны туралы. Бірақ сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалды», – дейді Шымкент қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Заң бойынша күдікті енді өз отбасына жақындамауы және қоңырау шалмауы керек. Әйтпесе, бірден қамалады. Бірақ күйеуінің күніге анаша шегетінін айтқан әйелі одан өлердей қорқады. Такси қызметінде істейтін күйеуім әкетуі мүмкін деп қызын да мектепке жіберуді қойыпты.

Тағы оқи отырыңыз: Мақтааралда педофилдерге құны 250-300 мың теңгелік білезік тағылды

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button