Қайрат Құдайберген тергеу изоляторында өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді

Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында қысым көрсетілгені жайлы қорғаушысы Мұрат Амитов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Қорғауымдағы Қайрат Құдайбергенге барған кезде ол Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының қызметкері келіп, өзіне моральдық және психилогиялық қысым көрсеткенін, ар-намысын аяққа таптағанын айтты. Бұл қызметкер менің қорғалушыма сес көрсетіп, қажетті түсініктеме бермесе, Қайраттың ұзаққа қамалатынын айтқан» деп жазды Мұрат Амитов әлеуметтік желіде.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button