Депутат Алматы әуежайының атауын Қонаевтың құрметіне ауыстыруды ұсынды

Депутат Алматы әуежайының атауын Қонаевтың құрметіне ауыстыруды ұсынды

Депутат Алматы әуежайының атауын Қонаевтың құрметіне ауыстыруды ұсынды
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов палатаның пленарлық отырысында Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды деп хабарлады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. Ол өз ұсынысын Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты.
«Алматы тұрғындарының бастамасын қолдап, Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасын жалғастыра отырып, Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз», - деді ол.
Айта кетейік, 16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруге қарсы емес екенін жеткізген болатын. Көп ұзамай, Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады. 29 наурыз күні Республикалық ономастика комиссиясы бұл ұсынысты мақұлдады.