Рысқұлбековті соңғы рет моншаға апарған түрме қызметкері тың дерекпен бөлісті
Рысқұлбековті соңғы рет моншаға апарған түрме қызметкері тың дерекпен бөлісті
Қайрат Рысқұлбековті қайтыс боларынан бір күн бұрын тергеу изоляторында моншаға апарған семейлік Мақсұт Оспанов ешкімге айтпаған деректерді бөлісті. Желтоқсан қаһарманының соңғы сәттеріне куә болған жан естеліктерін Айқын газетіне берген сұхбатында айтты деп жазды turkystan.kz.
Мақсұт Оспанов 1979-1991 жылдары Семейдегі оқшаулау тергеу изоляторының старшина жасағында конвой, бақылаушы, каптерщик қызметтерін атқарған. Айтуынша, Қайрат Рысқұлбековті моншаға қалай апарғаны әлі күнге көз алдында.