Ресейде ұрланған көлік Көкшетаудан табылды

Ресейде ұрланған көлік Көкшетаудан табылды

Ресейде ұрланған көлік Көкшетаудан табылды
ашық дереккөзі
Ресейдің Оңтүстік-Сахалин қаласында жоғалған көлік Көкшетауда бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы сәуірдің 22-сінде Көкшетау қаласында Жедел басқару орталығының қызметкерлері қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған Lexus LX570 көлігінің жүргізушісін анықтаған. Тәртіп бұзушылық туралы ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді. Нәтижесінде жол талғамайтын көлік Уәлиханов және Кенесары көшелерінің қиылысында тоқтатылған.
«Көлікті Көкшетау қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған. Оның құжаттарын тексеру барысында автокөлікті басқаруға азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру полисі болмағаны анықталды. Ведомстволық ақпараттық - іздестіру жүйелері бойынша одан әрі тексеру барысында жол талғамайтын көліктің 2018 жылғы 15 қаңтардан бері Ресей Федерациясы ІІМБ Оңтүстік-Сахалин қаласы аумағында ұрланғаны белгілі болды. Егжей-тегжейлі тексеру жүргізу және барлық мән-жайларды анықтау үшін көлік құралы сол күні айыппұл тұрағына қойылды» деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Жүргізушінің жеке басын тексеру кезінде оның бұрын автокөлікті заңсыз иемденгені және абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сотталғаны анықталды.