Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынады (ВИДЕО)

Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынады (ВИДЕО)

Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейлік журналист Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге тыйым салынғандар тізіміне қосылуы мүмкін деп жазды turkystan.kz. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
«Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлайтын және біржақты сөйлеген сөзі назар аудартады. Бәлкім, оның мәлімдемесі ресейлік кейбір саяси құрылым өкілдері мен қауымының көзқарасымен ұштасатын шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді. Мұндай сөздер көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық әріптестік қарсыластарына қолайлы жағдай туындатады. Менің ойымша, ол Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалардың тізіміне енгізіледі», – деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде ресейлік журналист Кеосаянның елімізде Жеңіс күніне орай әскери парадтың болмауына байланысты пікір айтқан видеосы тарады. Видеода журналист дөрекі түрде қазақтарға Украинадағы шиеленіске байланысты біржақты шешімге келу керек екендігін айтып, қаңтар оқиғасы кезіндегі ресейліктердің көмегі туралы да еске алды.
«Қазақтар! Украинаға мұқият қараңдар да, ойланыңдар. Бұдан ары да осылай қуланып жүруге болады деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Қазір екі алыптың арасында соғыс жүріп жатыр. Бірі – Ресей болса, екіншісі – АҚШ, НАТО. Ал, қалғандарына, әсіресе, бауырлас елдерге бір жағына қарай шығу керек. Болмаса, нақты шешім қабылдамағандарды біздің жауларымыздың қатарына қосуымызға тура келеді. Жетеді! Сендерді құтқарудан шаршадық, ойын бітті», – деп мәлімдеді Т. Кеосаян.