Өзбектер туристерді тартудың түрлі тәсілдерін ойластырып жатыр

Өзбекстан өкіметі Ташкентке шетелдік туристерді тарту үшін жаңа тәсілдер ойластырып жатыр. Соның бірін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бағасы 1000 доллар болатын қызметтер пакетін жасауды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz president.uz порталына сілтеме жасап.

Ол туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Ташкенттің хокимы Жахонгир Артыкходжаевқа тиісті тапсырма берді.

Кеңесте Өзбекстан басшысы Ташкентке шетелдік туристерді кем дегенде 3 күнге тарту және «1 мың долларлық қызметтер пакетін» ұсыну бойынша жеке бағдарламаны іске асыруды тапсырды.

«Осының арқасында елге 10 млн туристі тартуға болады», – деді ол.

Бұдан басқа, Өзбекстан басшысы туристерге жағдай жасайтын кәсіпкерлер 1 шілдеден бастап салықтың 1 пайызын ғана төлейтінін, отбасымен кәсіппен айналысатын азаматтарға ауылдарда қонақүй салуға 50 млн сумға дейін, киіз үйлер мен экоүйлерді тұрғызуға 300 млн сумға дейін несие берілетінін,  200 жас жігіт пен қызға туризм техникумдарына тегін түсіп, тегін білім алуға жағдай жасалатынын атап көрсетті.

Тағы оқи отырыңыз: Өзбекстанда Ердоғанның зайыбының құрметіне қазақтың күйлері орындалды (ВИДЕО)

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button